Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Жаңалықтар 148 0 пікір 15 Қазан, 2026 сағат 15:27

Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды

Сурет: ura.news сайтынан алынды.

Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды. 

Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.

Орын алған оқиғаға байланысты әншінің 14 қазанда Астана қаласында өтуі тиіс болған жеке концерті кейінге қалдырылып, өтпей қалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1009
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1364