Қазақстан мен АҚШ әріптестікті тереңдете түспек...
Самарқанд, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті.
Екі елдің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бере отырып, кеңейтілген стратегилық әріптестікті әрі қарай дамыту келешегін талқылады.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың оң серпінін атап өтіп, өзара практикалық іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын арттыруға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін растады.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қарашада АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуінің қорытындылары бойынша уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
М.Тілеуберді іскерлік байланыстарды нығайтудың, америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тартудың, сондай-ақ энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ тараптар Майамиде өтетін G20 саммитіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұған қоса, М.Рубио G20 саммитінен кейін таяу арада Қазақстан Республикасына толық форматты сапармен келуге мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге өзара мүдделілік расталды.
Abai.kz