ҚМДБ 2027 жылғы мерекелер күнтізбесін бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін бекітті.
«Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде анықталады. Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге кейін немесе ілгері жылжуы мүмкін», - деп хабарлады ҚМДБ-да.
2027 жылғы діни күндер күнтізбесі:
26/27 ережеп 1448 – 4/5 қаңтар – дүйсенбі/сәрсенбі – Мираж кеші.
1 шағбан 1448 – 9 қаңтар – сенбі.
14/15 шағбан 1448 – 22/23 қаңтар – жұма/сенбі – Бараат кеші.
1 рамазан 1448 – 8 ақпан – дүйсенбі – Оразаның басталуы.
26/27 рамазан 1448 – 5/6 наурыз – жұма/сенбі – Қадір түні.
1 шәууәл 1448 – 9 наурыз – сейсенбі – Ораза айт.
1 зүлқағда 1448 – 8 сәуір – бейсенбі.
1 зүлхижжа 1448 – 7 мамыр – жұма.
9 зүлхижжа 1448 – 15 мамыр – сенбі – Арапа күні.
10 зүлхижжа 1448 – 16 мамыр – жексенбі – Құрбан айт (1-күн).
11 зүлхижжа 1448 – 17 мамыр – дүйсенбі – Құрбан айт (2-күн).
12 зүлхижжа 1448 – 18 мамыр – сейсенбі – Құрбан айт (3-күн).
1 мұхаррам 1449 – 6 маусым – жексенбі.
10 мұхаррам 1449 – 15 маусым – сейсенбі – Ашура күні.
1 сапар 1449 – 5 шілде – дүйсенбі.
1 раби уль-әууәл 1449 – 4 тамыз – сәрсенбі.
11/12 раби уль-әууәл 1449 – 14/15 тамыз – сенбі/жексенбі – Мәуліт (Мұхаммед пайғамбардың туған күні).
1 раби уль-ахир 1449 – 2 қыркүйек – бейсенбі.
1 джумада уль-уля 1449 – 1 қазан – жұма.
1 джумада уль-ахира 1449 – 31 қазан – жексенбі.
1 ережеп 1449 – 29 қараша – дүйсенбі.
26/27 ережеп 1449 – 24/25 желтоқсан – жұма/сенбі – Мираж кеші.
1 шағбан 1449 – 29 желтоқсан – сәрсенбі.
Abai.kz