Сейсенбі, 20 Қазан 2026
Жаңалықтар 302 0 пікір 19 Қазан, 2026 сағат 16:24

Азия Пара ойындары: Қазақстанда 3 алтын!

Суреттер: ҚР Туризм және спорт министрлігінің телеграм арнасынан алынды.

Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына 3 алтын түсті.

Еркін Габбасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі.

Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды.

Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Габбасов Парарлимпиада ойындарында пара нысана көздеуден күміс медальді жеңіп алды.

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Ибраһим Нұрмаханұлы – V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз J2 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ибраһим Нұрмаханұлы 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2026 жылы пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1101
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1505