Сәрсенбі, 28 Қазан 2026
Жаңалықтар 215 0 пікір 28 Қазан, 2026 сағат 16:52

Шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізіле ме?

Сурет: admbal.ru сайтынан алынды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі шағын бизнес субъектілерін тексеруге қайтадан үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім бизнесті қолдауға және бақылау-реттеу жүйесін толық цифрландыруға бағытталған.

Президент Ұлттық құрылтай мүшелері мен Үкіметке бұған дейінгі мораторийдің оң және теріс тұстарын ескере отырып, бұл қадамды жан-жақты талқылауды тапсырды.

«Мен 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын. Бұл қадамды бақылау-реттеу жүйесін қайта іске қосу және толық цифрлық реттеу моделіне көшу үшін стратегиялық үзіліс ретінде қарастыру керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде соңғы статистикалық деректерге тоқталып өтті. Алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша:

  • Жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында заңбұзушылықтар саны 34%-ға азайған;

  • Бұған қарамастан, салынатын айыппұлдардың жалпы көлемі 11%-ға өскен;

  • Жоспардан тыс тексерулер саны ондаған есе көбейген.

Бұл көрсеткіштер бизнесті жоспарсыз тексерулермен тым жиі мазалау проблемасының әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Анықтама үшін: Қазақстанда шағын және микробизнесті тексеруге арналған соңғы мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың соңына дейін қолданылған болатын. Жаңа мораторий енгізілсе, ол реттеуші органдар мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты заманауи цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1249
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1755