Сенбі, 14 Қараша 2026
Жаңалықтар 374 0 пікір 10 Қараша, 2026 сағат 19:04

Қазақстанның бітімгершілік күштері – қазақ әскерінің элитасы!

Сурет: optimism.kz сайтынан алынды.

2003 ж. БҰҰ миссиясымен Ираккқа енген Қазбат сарбаздары өздерінің бітімгершілік қызметін үнемі кеңейтуде. Олар бүгінгі күнге дейін Батыс Сахарада, Кот‑д,Ивуарда, Ливанда, Малиде, Орталық Африка мемлекетінде, Конгода, Оңтүстік Ливанда және Тфяу Шығыста миссиясын жалғастыруда.

Бұл жерде Ливандағы миссияны ерекше атап өтуге болады. Ол жерде, 2018 жылы, қазақстандық жауынгерлер алғаш рет миссиясын өзге елдердің жауынгерлерімен бір сапта тұрып атқарды.

Ал, Қазақстан атынан «Қазбат» алғаш рет  өз алдына жеке тапсырма алып, Голан биіктігінде екі ел арасындағы шиеленісті болдырмау мақсатында қызмет етті. Сөйтіп, «Қазбаттың» айрықша қызметі басталды. Бұл ‑ 2024 ж.

Бұл Қазақстан Қарулы күштерінің тек қана әскери бақылаушы емес, өзге де әскери операцияларға өз бетімен қатыса алатындығын, өз алдына әскери күш бола алатынын көрсетті.

«Қазбатты» өзге елдердің әскерилерімен салыстыруға бола ма?

Бұл жағдайда қазақстандық контингентті тек саны жағынан емес, сапалық түрғыдан бағалау орынды десек болады. Тек сонда ғана БҰҰ алдында сенім бар. Әлемде бізден де саны көп бітімгер әскери контингенттері бар мемлекеттер аз емес.  Мәселен, олардың арасында Непал, Бангладеш, Индия, Пакистан, Руанда сияқты халқының саны көп елдер бар. Олардың жанында Қазақстан ондай санға ие емес. Мысалы, біздің ел БҰҰ‑да бұл көреткіш бойынша 51‑ші орында тұр. Онда 153 әскери маман тіркелген.

Бірақ, сан тек қосалқы көрсеткіш саналады. Осы жағынан біздің сарбаздардың басымдық жағы мынадан көрінеді:

  • Кәсіби деңгейдің жоғарылығы;
  • Өз алдына тәуелсіз әскери құрама ретінде іс‑қимылға бару қабілетінің жоғарылығы;
  • Барлық елдердің қарулы күштерімен үйлесімді әрекет жасау мүмкіндігінің жоғарылығы;
  • Өз беделіне нұсқан келтірмейтіндей тәртіптің болуы, өз елінің абыройын асқақтату патриоттық сезімінің жоғарылығы.

Міне, қазақстандық бітімгер күштердің қызметіне баға берген барлық әскери сарапшылар біздің «Қазбатқа» осындай баға берумен келеді.

Сонымен қатар, қазақстандық сарбаздардың кез келген жаңа техниканы тез меңгеріп, оны оны тактикалық тұрғыда  шебер қолдана алатын қабылетін де ерекше атап өтуде.

Бұл бекер айтылған сөз емес. Өйткені, біздің «Қазбат» сарбазының әрқайсысы ұзақ жылдарда арнайы білім алған, әскери тәжірибеден өткен сайдың тасындай жауынгер жігіттерден құралады. Олар әлемдегі әскери саланың барлық қыр‑сырын меңгере келе – бітімгершілік контингенті құрамына енеді.

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның БҰҰ миссиясы алдындағы жауапкершілікті айқын сезінуінің, әрі, еліміздің бейбітшілік саясатының жарқын көрінісінің түйіні.

Ал, «Қазбат» сарбаздары – осының әлемдегі елшісі.

Олар Қазақстан Қарулы Күштерінің элитасы десе болады!

Abai.kz

0 пікір