Сәрсенбі, 18 Қараша 2026
Жаңалықтар 106 0 пікір 18 Қараша, 2026 сағат 15:16

«Қала хикаялары» әдеби байқауы жалғасуда

Сурет: profguide.io сайтынан алынды.

Жаңа қаламгерлерді анықтап, қолдауға арналған «Қала хикаялары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда.

Байқау қала мәдениетін, қазіргі қаладағы адам өмірін, қоғамдағы өзгерістерді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың өзара байланысын көркем әдебиет арқылы бейнелеуді көздейді.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қала прозасы жанрында жазылған, бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады. Бір авторлық баспа табақ 40 мың баспа таңбасына тең. Әр қатысушы бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін qoljazba.bookfund.kz сайты арқылы қабылданады.

Байқау жеңімпаздарының шығармалары жалпы 15 мың данамен басылып, Қазақстан кітапханаларына таратылады. Қазіргі уақытта байқауға 20 өтінім түскен.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондарына хабарласуға болады.

Abai.kz

0 пікір