Дүйсенбі, 23 Қараша 2026
112 0 пікір 23 Қараша, 2026 сағат 23:20

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті және бас директоры лауазымдарына қайта тағайындағанынжариялағанға дейін, оны Қазақстан мен АҚШ президенттері көпшілік алдында қолдап сөйледі. Сонымен қатар, Дональд Трамптың айтуынша, Хуангтың талантына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин де жоғары баға берген.

19 қарашада Астанада өткен III Стратегиялықсеріктестер форумында сөз сөйлеген Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанныңамерикалық NVIDIA технологиялықкомпаниясымен ынтымақтастығын жоғарыбағалады. Ол өзара іс-қимылдың нәтижелі сипатынатап өтіп, Дженсен Хуангқа Астанаға келгені үшіналғыс айтты және оны көрнекті инженер әрі нағызаңыз деп атады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп ХуангтыңNvidia басшысы лауазымына қайта оралуын тікелейжақтады. Ол 16 қарашада-ақ мұндай шешімгеқарсы болмайтынын мәлімдеп, кәсіпкердің, өзпікірінше, маңызды сабақ алғанын атап өтті.

20 қарашада Трамп Хуангты қолдап тағы да пікірбілдіріп, компанияны оның кешірімін қабылдауғажәне жұмысына қайта оралуына мүмкіндік беругешақырды. АҚШ президенті кәсіпкердіңАмериканың технологиялық саласы үшінмаңыздылығын ерекше атап өтіп, оның екіншімүмкіндікке лайық екенін айтты.

Бұдан бөлек, Трамп Қытайдағы кездесу кезіндеҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Дженсен Хуанг туралы сөйлескенін жеткізді. АҚШ президентініңсөзінше, Қытай көшбасшысы да кәсіпкерге жоғарыбаға беріп, оны талантты адам деп атаған.

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты корпорацияның президенті және бас директоры қызметіне қайта тағайындауғабірауыздан дауыс берді.

Abai.kz

0 пікір