Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 10 Қараша, 2009 сағат 18:07

Байжан Дубай. «Қазақстандық емессің» десе қорланар ма едіңіз?

Кеше теледидардан Американың қоғамдық тәртіпті бұзушылар туралы бағдарламасын көріп қалдым. Сондағы бір сюжет кәдімгідей ой салды. Оқиға дүкендегі бақылау камерасына жазылыпты. Дүкен иесі қара нәсілді азамат сауда жасап тұр. Екі ақ нәсілді клиент зат сатып алмақшы. Оның бірі - әйел адам қолындағы жалған ақшаны өткізу үшін себепсіз айғау-шу тудыруда. Ол серігіне мына қара нәсілдінің америкалық емес екенін, өзі секілді америкалықтарға қызмет көрсетуге де тұрмайтынын айтуда. Оған ашуланған дүкеннің иесі абайлап сөйлеуін ескертіп, өзінің де америкалық екенін, АҚШ азаматы екенін мақтанышпен жеткізді. Дегенмен, өршеленген әйел одан әрі тілінің бізін қадап, сатушыға «табанымды жала» деді. Ол болса «сенің аппақ табаның күс қой, жалауға жарамайды» деп жауап қайтарды. Сонымен не керек, жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ақыры полицейлер келіп оқиға тәртіп бұзушыларды тұтқындаумен аяқталды.

Мұны неге айтып отырмын. Былай қарасаң түкке тұрмайтын оқиға. Анау айдаладағы американың бір түкпіріндегі алақандай дүкендегі болмашы жанжал ғана. Бірақ, өз басым осыдан былай ой түйдім.

Біріншіден, америкалықтардың отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттығы тым мықты. Қылмыскерлер де ақымақ емес, қара нәсілдінің қалай намысына тиюді біледі. «Америкалық емессің» деген сөз оларға «адам емессің» дегеннен де жаман естіледі. Қылмыскер сатушының солайша жүйкесін жұқартып алып жалған ақшаны өткізіп жібермек болды.

Ал бізде ше? «Сен қазақстандық емессің» деп біреудің намысына тие алар ма едік? Әй, қазақтан басқалар қыңқ етпес. Қайта қуанып, өзінің өзге отаны бар екенін, екі азаматтығы бар екенін мақтан етіп айтып берер.

Екіншіден, ХХІ ғасырдағы ең өркениетті ел Америкада әлі күнге  нәсілдік бөлінушілік жойылмаған екен. Тіпті, қарсыластарынан қара үзіп «қарадан» шыққан хан» атанып Барак билікке келсе де жағдай түзелмепті. Бірақ, Барак та, басқалар да мұны жасырып отырған жоқ. Жікшілдерді әшкерелеп, күресудің жолын іздеуде. Бізде ше? Бізде ұлттарды кемсітуілік жоқ деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз. Өзгелерді ешкім кемсітіп жатқан жоқ, әрине, ал қазақты күнде кемсітеді. Тілін қорлайды, өз жерінде өгейсітеді. Ұлттар достығының ұйытқысымыз деп ұрандатамыз да, ұлттар арасындағы сызатты нәжісін көмген мысықтай жасырып әлекпіз. Айтып айтпай не керек, жараның бітеуі жаман. Іште жарылып іріңге айналады. Егер бізде толеранттылық өзіміз айтып жүргендей өзгеге үлгі бола алатын дәрежеге жетсе, онда неге өзгелер қазаққа құрметпен қарамайды? Неге тілін үйреніп, дәстүрін сыйламайды?

Үшінші және ең басты мәселе - біздің азаматтардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптаспай отыр. Патриоттық тек қазаққа керек пе?! Өзгелер де жылуды сырттан іздемей, анау қара нәсілді Америка азаматы секілді Қазақстанның «ыстығына күйіп, суығына тоңуы» керек емес пе. Иә, бүгінгі күні мемлекет халқының басым бөлігін құраушы ұлтқа айналған қазақтардың бойында ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сезім біртіндеп оянып келе жақанын сүйіншілеп айтуға болады. Оны соңғы кездегі «Абай.кз» сайтындағы жарияланымдардан-ақ анық байқай аласыз. Әрине, бұл арада әңгіме билік туралы емес, қарапайым халық туралы екенін өзіңіз де біліп отырсыз ғой.

Осы патриоттық тәрбие мәселесі бізде күні бүгінге дейін ақсап жатыр.

Қазақ журналистерінің Халықаралық 1-форумында бұл сұрақ күн тәртібіне қойылауы тиіс. Форумның бір тақырыбы ретінде талқыланып, «Қазақ журналистері патриоттық тәрбие қалыптастыруға қалай үлес қоса алады?» деген сұраққа жауап берілуі керек секілді.

«Абай-ақпарат».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377