Жәнібек пен Керейдың ескерткіштерін қоғамның өзі де қоя алады!
2009 жылғы қарашаның 11-і күні Қазақстан баспасөз клубында Болатхан Тайжан Қорының президенті Мұхтар Тайжан мен «Алтынбек Сарсенбайұлының Қоры» Қоғамдық қорының жетекшісі Айдос Сарым баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатының спикерлері жиналғандарға Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Жәнібек пен Керей ескерткіштері төңірегіндегі жағдай мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы азаматтық қоғамның ықтимал әрекеттері туралы әңгімеледі.
Жиын барысында «abai.kz» ақпараттық порталында жүргізілген интернет-акцияның қорытындылары жөнінде мағлұмат берілді. Жәнібек пен Керей хандарға ескерткіш орнату қажеттігі жөніндегі Ашық үндеу аясындағы акцияны өткізу басталғаннан бергі он күннің қорытындысы бойынша 600-ге жуық адам қол қойып үлгеріпті. Олардың қатарында шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, журналистер мен қазақ тілді республикалық және аймақтық БАҚ ұжымдары бар. Интернет-акцияның қорытындылары тиісті хат түрінде толтырылып, мемлекеттік органдар мен қажетті адресаттар бойынша Астана қаласына жолданды.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар ұлттық тарихты насихаттаудың, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру міндеттері тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның міндеті әрі қасиетті борышы болып саналатынын атап көрсетті. Осыған орай олар Қазақ хандығының негізін қалаушылардың ескерткіштеріне байланысты жағымсыз жәйттің жабық күйде қалып отырғандығы құпия әрекеттердің нәтижесі деп есептейтіндіктерін айтты. Шенеуніктердің өздеріне шектен тыс сенімділігі, ұлттық тарихи жадымызды насихаттау мәселелерін монополияландыруға тырысулары қазақстандық және әлемдік қоғамдастық куә болған масқараға жағдайға алып келді. Мұндай жағдайлар ел басшылығының имиджіне ғана нұқсан келтіріп қоймайды, сонымен бірге бүкіл ұлтымыздың абыройына көлеңкесін түсіреді.
Басқосуды ұйымдастырушылар ешқандай да кінәлілерді іздеп тауып, оларды жазалауға ұмтылмайтындықтарын, тіпті ешкімді де ондай әрекетке шақырмайтындықтарын атап көрсетті. Сонымен қатар, олар өздерін бүкіл қоғамды қанағаттандыратын тиімді де консенсусты шешімдерді тауып, республика мен астаналық билікке ұсынуға мүдделі болып отырғандарын айтып өтті. Ақыры осылай болып қалған екен, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың ескерткіштерін дайындау мен Астана қаласына жеткізуге бюджеттен бөлінген елеулі қаржы шығындалған екен, ендеше оларға Елордамыздың төрінен лайықты да қолайлы орынды тауып, тұғырына орнату керек деді баспасөз мәслихатын ұйымдастырған спикерлер.
Осыған байланысты М. Тайжан мен А. Сарым мұндай шараларды қаржыландырудың қолданыстағы механизмдерін түсінетіндіктерін мәлімдеді. Егер билік бүгінгі таңда ескерткіштерді орналастыруға қажетті қаражат таба алмайтын болса, онда бұл міндеттерді азаматтық қоғам өзі шеше алады. Тіпті, қаржы дағдарысына қарамастан, ұлттық бизнес өкілдері мен азаматтық қоғам мемлекетке қаржылай және басқадай көмек көрсетуге, сондай-ақ сәйкес мақсаттарға арнап қаражат жинауды ұйымдастыруға дайын. Мұндай жағдайда қала басшылығынан бір ғана нәрсе: ескерткішті орнататын жерді дәл анықтау, тұғыртас жөніндегі сәулеттік және авторлық құқық мәселелерін шешу талап етіледі. Қалған шаруаны азаматтық бастамалар мен қарапайым қазақстандықтардың белсенді әрекеттерінің есебінен жүзеге асырып, қамтамасыз етуге болады.
Ол үшін жиынды ұйымдастырушылар азаматтық сектор өкілдерін қатыстыра отырып, Болатхан Тайжан Қорының есебіне жаңа есеп-шот ашпақшы, сол есепке бизнес өкілдері мен ел азаматтары ескерткіш орнатуға арналған қаражаттарын аудара алады. Ерікті ақша аударымдары мен демеушілік көмек максимальді транспарентті түрде бөлінетін болады. «abai.kz» ақпараттық порталында арнайы бет ашылып, онда аталған есепке түсіп жатқан ақшаның мөлшері мен салымшылар жөнінде және қаржының қалай жұмсалып жатқаны туралы барлық мәліметтер тұрақты жарияланып тұрады. Аталған жобаның авторлары ел азаматтарын осы бастамаға үн қосып, қолдауға шақырады. Олар, сонымен қатар, мемлекеттік органдарға тарихи жауапкершілік пен саяси жігерлілік көрсетіп, осы мәселе бойынша қалыптаса бастаған қоғамдық пікірге қарсы бағыт ұстанбау жөнінде ұсыныс айтып, үндеу тастады.
«БОЛАТХАН ТАЙЖАН ҚОРЫ»
РНН 600900618175
ИИК 001700140 В АО «ТЕМIРБАНК» тенге
ИИК 216070377 доллар США
БИК 190501793
СВИДЕТЕЛЬСТВО О ГОС РЕГИСТРАЦИИ 96725-1910-Ф-д 05.03.2009 г
БИН 090340003348
Г Алматы м-н Самал 2 д 16 кв 7
ОКПО 50617734
Президент Тайжан Мухтар Болатханулы
8-701 566 2791, 8-777 255 2266