Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3446 0 пікір 16 Қараша, 2009 сағат 07:21

БҚА бағаларын реттеу мақсатында азық-түлік нарығындағы доминанттарды анықтауда

Астана. 16 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі бағаларын реттеу мақсатында азық-түлік нарығындағы доминанттарды анықтауда, деп мәлім етті ведомство төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов.

«Агенттік сараптаманың нәтижесі бойынша жекелеген азық-түлік тауарларының импортына монополиялық желіні анықтады. Қазіргі кезде біз ондай субъектілерді реестрге енгізіп, монополиялық жоғары баға тұрғысынан олардың тарифтік саясатын зерттеп жатырмыз», - деп мәлім етті ол дүйсенбі күні селекторлық кеңесте.

Ж. Қожахметовтың айтуынша, аталған монополиялық желі «шетелдік өндірушілер мен отандық жеткізушілердің арасында эксклюзив және дистрибьюторлық келісімдердің жасалғанымен ерекшеленеді».

Осы орайда шетелдік өндірушілерге санкциялар қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп атап өтті БҚА басшысының орынбасары.

«Эксклюзив және дистрибьюторлық келісімдер бойынша әкімдіктер немесе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы шығып, дистрибьюцияға жол бермей, шетелдік өндірушілермен тікелей келісімдерге отыру мүмкіндітерін қарастыруларын сұраймыз … Бұдан басқа, отандық өндірушілермен тікелей келісімдерге отыруды да», -  деп атап көрсетті ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 646
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629