«Алтынорда» веб-порталы
http://altyn-orda.kz
Тақырыптық номинациясы: қазақ тіліндегі үздік материалдарды орыс тіліне аударып басу, дайджест
Ресурстық тілі: орысша
Ашылған жылы: 2009
Бас редакторы: Серік Мәлеев, саяси шолушы
Жоба туралы:
Осыдан бірер жыл бұрын ақпарат айдынына қосылған «Дайджест.kz» басылымы аз уақытта өз оқырманын тауып үлгерген-ді. Қазақ газеттерінің бетіндегі ең үздік материалдарды орыс тіліне аударып басып, сауатты дайджест ұсынған басылымның шабысы алысқа бармады. Қаржы тапшылығы қолбайлау болды, жұмыс тоқтады. Енді міне, Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі Президенттік қордың қолдауымен жаһанторға жолдама алған жаңа сайт - «Алтынорда» осы олқылықтың орнын толтырмақшы. Бас редакторы - «Литер» газетінің саяси шолушысы әрі аудармашы, орыстілді ағайынның ішкі қыр-сырын бес саусағындай білетін Серік Мәлеев. Қазірдің өзінде аударылған материалдар «Библиотека», «Обзор казахской прессы», «Точка зрения» сияқты айдарларға топтастырылып жатыр. Сайт дизайны да асқан қарапайымдылығымен һәм интуитивті интерфейсімен көз қуантады. Ендеше, жаңа ғана тұсауын кескен сайттың әлі оқырманды тың материалдармен қуантып, қуаныш сыйлайтынына сеніміміз мол.