Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2977 0 пікір 17 Қараша, 2009 сағат 08:50

Мәжіліс «Босқындар туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. . Парламент мәжілісі сейсенбі күні кеңейтілген отырысында «Босқындар туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Қазақстанның босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияны бекіту арқылы өзіне алған міндеттемелерге сай жасалды.

Заң жобасында құзіретті органдардың босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдау мерзімі тіркелген күннен бастап 3 айға дейін ұзартылған. Тұлғаның кім екенін анықтау немесе тексеруді қажет ететін фактілерді айқындау үшін босқын мәртебесін алу туралы өтініштерді қарау мерзімі ақтық шешім қабылдау үшін бір жылға дейін ұзартылып, тұлғадан босқын мәртебесін алып тастаудың қосымша негіздері айқындалды.

Заң жобасы аталған категориядағы тұлғаларды қорғау және олардың Қазақстан территориясындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін қарастырады.

Халықаралық құқықтың нормаларына сай, босқындарға жол жүру құжатын енгізу жобаланған. Заң жобасында Қазақстанға ата-аналарынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген босқын балаларға қатысты да қорғау шаралары қарастырылған.

Аталған құжатты күшіне 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан енгізу болжанған. Оны іске асыруға бюджеттен 3 млн 718 мың теңге бөлу жоспарланған. Оған босқындардың жеке куәліктерін дайындау, тәржімашылар қызметі, жол жүру құжаттарын дайындау кіреді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, 1-ші қазанда республикада тіркелген босқындар саны - 622 адам немесе 243 отбасы. Олардың негізгі бөлігі -Ауғанстаннан шыққандар. Ұлттық құрамы жағынан: тәжіктер(338 адам), пуштундар (142), хазарлар (103), өзбектер(26).

Босқындардың жалпы санының 64,6% (402 адам) еңбекке қабілеттілері, ал жасы 16-ға толмағандар - 4%.

Сонымен қатар, мәжіліс заңнамаға енгізілетін ілеспе түзетулерді де екінші оқылымында мақұлдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377