Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4552 0 пікір 18 Қараша, 2009 сағат 06:13

Алтын Емел…

Алтын Емел... Қорғасын иісі қолқаны қапқан Алматыдан 160 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағынан орын тепкен осынау табиғат бұрышына келіп тұрып, оның әсемдігіне тамсанбай, сиқырына арбалмай кете алмайсыз. Себебі, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық саябағы - табиғаты ерекше сұлу, сирек аң-құсқа, шөп-дараққа бай, бағзы заманнан бері еш бүлінбеген, тамылжыған пәк табиғаттың символы. Сонымен бірге, қорық жері көшпелі тайпалардың тарихи өмірін де көздің қарашығындай сақтап келеді. Мысалға, Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандарға б.з.д. VII-III ғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Мұнда көлемі 2 шаршы шақырым болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан. Бесшатырдың қатарында сақтардың Қызылауыз, Алтын Емел, Қарашоқы қорғандары да бар. Ал, табиғатына тағы тоқтала кететін болсақ, бұл қорықта өсімдік әлемінің 1800 түрі өседі, соның ішінде 21-і сирек кездесетін, ал 60 түрі эндемик, яғни тек осы аймақта ғана өседі. Жануарлар әлемінің 50-ге тарта түрі бар. Алтын Емелден қарасы құруға тақаған құланды, арқарды, сібір тау ешкілерін де көруге болады. Ал мына алдыңыздағы суреттерде негізінен осы қорықтың ең тамаша жерлері - ұзындығы 1,5 шақырымға созылып, биіктігі 120 метрге дейін жететін «Әнші құмдар» мен Шолақ, Қалқан, Ақтау тауларын көре аласыз.

Алтын Емел... Қорғасын иісі қолқаны қапқан Алматыдан 160 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағынан орын тепкен осынау табиғат бұрышына келіп тұрып, оның әсемдігіне тамсанбай, сиқырына арбалмай кете алмайсыз. Себебі, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық саябағы - табиғаты ерекше сұлу, сирек аң-құсқа, шөп-дараққа бай, бағзы заманнан бері еш бүлінбеген, тамылжыған пәк табиғаттың символы. Сонымен бірге, қорық жері көшпелі тайпалардың тарихи өмірін де көздің қарашығындай сақтап келеді. Мысалға, Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандарға б.з.д. VII-III ғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Мұнда көлемі 2 шаршы шақырым болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан. Бесшатырдың қатарында сақтардың Қызылауыз, Алтын Емел, Қарашоқы қорғандары да бар. Ал, табиғатына тағы тоқтала кететін болсақ, бұл қорықта өсімдік әлемінің 1800 түрі өседі, соның ішінде 21-і сирек кездесетін, ал 60 түрі эндемик, яғни тек осы аймақта ғана өседі. Жануарлар әлемінің 50-ге тарта түрі бар. Алтын Емелден қарасы құруға тақаған құланды, арқарды, сібір тау ешкілерін де көруге болады. Ал мына алдыңыздағы суреттерде негізінен осы қорықтың ең тамаша жерлері - ұзындығы 1,5 шақырымға созылып, биіктігі 120 метрге дейін жететін «Әнші құмдар» мен Шолақ, Қалқан, Ақтау тауларын көре аласыз. Бұдан бөлек вулкандық негізде пайда болған Қатутау тауы да Сіздің назарыныздан тыс қалмайды. Оның кейпіндегі ерекшелік - үлкен тесіктері бар ірімшікке қатты ұқсаса, Ақтаудың көктен қызылға дейін түрлі түске боялған жартастары қиял көкжиегіңізді кеңейте түседі.   

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373