Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 23 Қараша, 2009 сағат 04:47

Ақырыс Сейітқазы. Медведевтің мойыншалғысындағы жазу – «Россия»

Қара құрлықта тұңғыш рет өткелі жатырған доп додасына қатысатындар толығымен анықталды. Өз тобында немістерді ғана алдына жіберген Ресей құрамасы бұл жарысты телеэкраннан тамашалайды. Келесі топта екінші орынғы табан тіреген Словениялықтар жолы болғыш Гусс командасын тақырға отырғызған болатын. Бірақ, біздің айтпағымыз басқа нәрсе.

Қара құрлықта тұңғыш рет өткелі жатырған доп додасына қатысатындар толығымен анықталды. Өз тобында немістерді ғана алдына жіберген Ресей құрамасы бұл жарысты телеэкраннан тамашалайды. Келесі топта екінші орынғы табан тіреген Словениялықтар жолы болғыш Гусс командасын тақырға отырғызған болатын. Бірақ, біздің айтпағымыз басқа нәрсе.

«Лужники» стадионында татар баласы Динияр Билилиятдинов соққан қос доп жер жүзі жарысына жолдама әперетіндей көрінген, бірақ матч аяқаталарға қарсы Матьяж Кектің командасы Акинфеев қақпасына бір гол енгізіп кетті. Күллі Ресей халқын алаңдатқан осы гол болатын. Словениядағы қарымта матчқа Ресей президенті  Дмитрий Медведевтің өзі ұшып келді. Әдеттегідей, атқамінерлер отыратын VIP ложада емес, қарапайым футболсүйер қауымның қатарынан орын алды. «Россия» деп жазылған көп мойыншалғының бірі Медведевтің де мойнында еді. Жалпы, ел басшыларының футбол матчтарын тамашалауы таңқаларлық жаңалық емес. Әрбір әлем және құрлық чемпионаттарының финалына шыққан құрамаларға ел президенттерінің өзі келіп, жанкүйер болатыны бағзыдан бар нәрсе. Бірақ, «не бел, не белбеу кетеді» деп, жан алысып, жан беріскен кездесуге бар жұмысын жиып қойып келген Дмитрий Медведевтің бұл ісіне тек қол соғуға болады. Иә, бұл күні ресейліктер жеңіліп қалды. Бірақ, басқа халықты айтпағанда, ел басшысының өзі келіп дем бергені футболшыларға рух сыйлайтыны  сөзсіз ғой. Медведев мырза өз ұлтын шексіз сүйетінін осындай қарапайым қадамдарымен-ақ дәлелдеп келеді. Осыдан 5 жыл бұрын қалт-құлт етіп жүретін Ресей құрамасымен қазір әлем мықтылары санасады. Бүгінде Аршавин бастаған біраз футболшылар шетелдік клубтарда жарқырауда. Павел Погребнияк «Штутгардта», Роман Павлюченко ағылшынның «Тоттенхэмінде», Андрей Аршавин «Арсеналда», Юрий Жирков «Челсиде», Динияр Билилиятдинов «Эвертонда» доп теуіп жүр. Қатарынан екінші жыл Ресей біріншілігін жеңіп алған Құрбан Бердыевтің «Рубині» басқа емес, атағы дардай «Барселонадан» 4 ұпай тартып алды. Игорь Акинфеев қақпасын қорғайтын «ЦСКА»  әйгілі «Манчестер Юнайтедпен» терезесі тең ойын көрсетті. Чемпиондар лигасында ресейлік клубтардың бой көрсетуі де соңғы жылдарда орын алған оқиға еді. Ресей Футбол Федерациясының президенті Виталий  Мутко мен  Роман Абрамович те Хиддинктің командасына стадионда тілеулес болды. Сүйсінерлік жағдай!

Бізде қай басшы Қазақстан құрамасының ойынын жасыл алаңнан тамашалады екен?! Өзгелер бар қаржысын құйып, жандандырып жатқан футболға біздегі атқамінерлердің назары қашан ауады ?! Елбасы «Шахтер» мен «Атырау» арасындағы Қазақстан кубогы жолындағы финалдық ойынды көрді. Енді Қазақстан құрамасының әлем немесе Еуропа біріншілігіндегі тырнақалды тартысын қашан көреді екен?! Басқаларды қойшы, Қазақстан құрамасының дүниежүзілік додаға қатысуын күтіп қарапайым халық шаршады. 2016 жылы Еуропа чемпионатының финалына шығамыз деп құр уәде бергенше, көзге көрінер іс жасаса нетті біздің федерация. Әй, бірақ ұлтын сүйетіндер ел тізгінін ұстамайынша ұшпаққа шығамыз деу бекер. Өйткені, спорт бәсекесі намыс қана емес, ел рухы сынға түсетін құбылысқа айналып барады емес пе? Әйтпесе, Медведев мойыншалғышына неге «Россия» деп жазып алды дейсіз ғой...

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347