Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3490 0 пікір 24 Қараша, 2009 сағат 09:47

Қазақша білмейтін орысқа қазақша жауап беруге болмайды...

Хабар арнасы. «Бетпе-бет» бағдарламасы. 18.11.2009

Қонақ: Мұхтар Құл-Мұхаммед - ҚР мәдениет және ақпарат министрі.

Жүргізуші: Берік Уәли


Жүргізуші: Елбасымен болған тікелей эфир кезінде қанша сауал  келіп түсті. Осы сауалға жауабыңызды тыңдап алып әңгімемізді ары қарай жалғастырайық.

 

Қонақ: Бүгінгі күнге дейін келіп түскен сауалдардың жалпы саны 45 мыңнан асты. Оның біраз бөлігі хат арқылы тікелей эфирге дейін де келіп үлгірген болатын. Өйткені тікелей эфир туралы анонсты біз ерте бастадық. Эфирдің кезінде де көптеген сұрақтар болды. Телефонмен, электрондық пошта арқылы да келіп түскен сұрақтар да аз емес. Жастар жағы осы заманғы технология құралын көбірек пайдаланып смс  жіберу арқылы да сұрақтар жолдады. Жалпы келіп түскен сұрақтардың барлығын бірдей Елбасына қойылған сұрақтар деп айтуға болмайды.  Мысалы, хат хабарлардың ішінде Елбасына рахмет айтып, ризашылық білдіріп жазған хаттар да жетіп артылады. Өйткені Елбасы өте ашық адам мен ол кісінің жанында біраз жылдар бойы қызмет істедім. Астанада болмасын, Алматыда болмасын елге, алыстағы ауылдарға шыққанда  болмасын халық көптеген өтініштерін айтып жатады. Елбасының сол мәселелерді бірден шешіп халыққа көмектескеніне мен талай рет куә болдым.  Сондықтан халықтың ықыласы осы тікелей эфирге қатты ауды деп айта аламын.

Хабар арнасы. «Бетпе-бет» бағдарламасы. 18.11.2009

Қонақ: Мұхтар Құл-Мұхаммед - ҚР мәдениет және ақпарат министрі.

Жүргізуші: Берік Уәли


Жүргізуші: Елбасымен болған тікелей эфир кезінде қанша сауал  келіп түсті. Осы сауалға жауабыңызды тыңдап алып әңгімемізді ары қарай жалғастырайық.

 

Қонақ: Бүгінгі күнге дейін келіп түскен сауалдардың жалпы саны 45 мыңнан асты. Оның біраз бөлігі хат арқылы тікелей эфирге дейін де келіп үлгірген болатын. Өйткені тікелей эфир туралы анонсты біз ерте бастадық. Эфирдің кезінде де көптеген сұрақтар болды. Телефонмен, электрондық пошта арқылы да келіп түскен сұрақтар да аз емес. Жастар жағы осы заманғы технология құралын көбірек пайдаланып смс  жіберу арқылы да сұрақтар жолдады. Жалпы келіп түскен сұрақтардың барлығын бірдей Елбасына қойылған сұрақтар деп айтуға болмайды.  Мысалы, хат хабарлардың ішінде Елбасына рахмет айтып, ризашылық білдіріп жазған хаттар да жетіп артылады. Өйткені Елбасы өте ашық адам мен ол кісінің жанында біраз жылдар бойы қызмет істедім. Астанада болмасын, Алматыда болмасын елге, алыстағы ауылдарға шыққанда  болмасын халық көптеген өтініштерін айтып жатады. Елбасының сол мәселелерді бірден шешіп халыққа көмектескеніне мен талай рет куә болдым.  Сондықтан халықтың ықыласы осы тікелей эфирге қатты ауды деп айта аламын.

 

Жүргізуші: Елбасына қойылған сауалдарға қарап отырып, осы жұрт үкіметке қоятын сұрақты неге тікелей Елбасына қойып жатыр, неге үкімет мүшелерінің өзіне қоймайды деген бір сауал туындайды. Әлде ел үкіметке сенбей ме?

 

Қонақ: Жоқ, олай деп бағалауға болмайды. Бұны ең алдымен елдің Елбасына деген ерекше сенімінің белгісі деп бағалау керек. Өйткені өзіңіз білесіз, ең соңғы сайлауда президентіміз бүкіл халықтық президентке айналды, сайлаушылардың 91 пайызы Елбасына дауыс берді.

Мынау дағдарыс заманында, тіпті Еуропаның дамыған елдерінде зейнетақы қысқарып жатқан кезде, жалақы қысқарып жатқан кезде, басқа да түрлі әлеуметтік төлемдер қысқарып жатқан кезде, Қазақстан  керісінше жұрттың жалақысын өсіріп отыр, тоқтап қалған бірде бір ірі кәсіпорын жоқ, халықтың арасындағы жұсыссыздық барған сайын азайып барады.

 

Жүргізуші: Тікелей эфирді ұйымдастыру кезінде сіздердің Мәдениет және ақпарат министрлігіне негізінен қандай сауалдар келіп түсті? Мысалы қазыр жалақы мәселесі мәдениет қайраткерлерін қатты толғандырып жүрген көрінеді.

 

Қонақ: Жалақыны қанша көтерсекте, «осы бізге жетеді», «жетіп артылады» деп ешкім айтпайды ғой. Ал шынтуайтына келетін болсақ, біз бүгін коллегияда да оны атап өттік. Елбасының халыққа жасаған жолдауында көрсетілген тікелей тапсырмалардың нәтижесінде биыл Қазақстандағы барлық Мәдениет, ақпарат саласының қызметкерлерінің жалақасы 25 пайызға өсті. Келесі жылы 1 июльден бастап тағы 25 пайызға көтерілейін деп отыр. 2011 жылы 30 пайызға көтерілмек. Егер оны 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, 2 жарым 3 есеге дейін көтерілді деп айтуымызға болады. Сондықтан сала қызметкерлерінің бұл мәселе бойынша көтеріп отырған сауалдары артықтау деп есептеймін. Әрине бола берсе екен,  болған үстіне бола берсе екен деп тілейміз, бірақ бүгінгі көрсетіліп жатқан қамқорлық - қазіргі әлемдік қаржы дағдарысында Қазақстан экономикасының өте тұрақты және мықты дамып келе жатқандығының айғағы және Елбасының жалпы мәдениетке ғана емес, барлық бюджет саласының қызметкерлеріне көрсетіп отырған қамқорлығы деп бағалануы керек.

 

 

 

Жүргізуші: Сізге сұрақ қою үшін бір көрерменіміз байланыста тұр екен. Кеш жарық!

 

Көрермен: Ассалаумалейкум! Алматыдан Кенесар Қаптағаев боламын. Осы мына жақында "Қазақ елі" моумент ашылды. Бірақ, Жәнібек пен Керейдің ескерткіштері далада қалды. Оны қазақ газеттері  адам аярлықтай мақалалармен көрсетіп жазып жатыр. Осы мәселеге сіздің көзқарасыңыз қандай өзі?

 

Қонақ: Сұрағыңызға рахмет. Бұл мәселені тым дабыра қылудың қажеті жоқ деп есептеймін. Өйткені жақында ғана "Егемен Қазақстан" газетінде, басқа да жетекші республикалық басылымдарда белгілі тарихшы ғалымымыз, жазушы Қойшығара Салғаринның өте орнықты мақаласы жарияланды.

Мен жалпы осы министрлікке келгеннен кейінгі бір жарым жылдың ішінде ескерткіштер жөнінде мемлекеттік комиссияның үш бірдей отырысы болып өтті. Оның барлығының басы қасында өзім болдым. Мысалы, өткен жылдың ақпан айында келген ұсыныс бойынша, "Қазақ елі" монументінің дәл қәзіргі жобасының бастапқы варианты ұсынылды. Бірақ онда ешқандай хандар, батырлар жөнінде ұсыныс болған жоқ. Одан кейін сәуір айында болған ұсыныста осы ескерткішті одан әрі жетілдіру, ондағы барельефтің қазақ халқының көне заманнан күні бүгінгі дейінгі тарихын көрсету, Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті ретіндегі тарихтағы ролін көрсету жөнінде ұсыныстар келіп түсті. Бұны да мемлекеттік комиссия қолдады. Мемелкеттік комиссияның жұмысы ашық, айқын, ешқандай бүкпесіз, боямасыз жүргізілген.  Құрамында республикамыздағы жетекші суретшілер, мүсіншілер бар. Сондықан оны өте беделді комиссия деп айтуға болады. Биылғы жылдың қыркүйек айында тағы да бір ұсыныс келіп түсті. Астана қаласында "Қазақ елі" монументінің ар жағында үлкен бір парк бой көтеріп келе жатыр. Сол паркте батырлар аллеясын ашу жөнінде. Астана қаласы әкімшілігінен ұсыныс келіп түсті, ол ұсыныста сол жерге бірнеше қазақ батырларының ескерткішін орнату жөнінде нақты ұсыныс жасалды. Комиссия толығымен бұл ұсынысты қолдады. Оның ішінде де Жәнібек пен Керейге ескерткіш орнату туралы әңгіме жоқ. Жалпы Жәнібек пен Керейге ескерткіш орнату мәселесіне келетін болсақ ол екеуі де Астананың төрінен орын алуға лайықты тұлғалар, оған да уақыт келер. Астананың тамаша бір жерінен Жәнібек пен Керейге тамаша ескерткіш орнатылар деп ойлаймын. Ал мына монументке келетін болсақ, бұл өте тамаша монументальді дүние болып шыққан! Қазақ халқының көне заманнан күні бүгін дейінгі тарихын өте айшықты көрсете білген. Астананың сәулетті ескерткіштерінің біріне айналды деп айтуға болады.

 

Жүргізуші: Ақпарат құралдарында Керей мен Жәнібектің ескерткіш мүсіндері жөнінде ертерек қолға алынды деген әңгімелер айтылды ғой?..

 

Қонақ: Мен оның барлығының қайдан шыққан әңгіме екенін білмеймін. Бірақ мен мемлекеттік комиссияға келіп түскен нақты 3 ұсыныс және осы ұсыныстар бойынша комиссияның қабылдаған шешімін айтып отырмын. Жалпы "Қазақ елі" монументін Астананың жалпы Қазақстанның тарихын асқақтатып, айшықтатып тұрған өте тамаша монументальді кешен деп айта аламын.

 

Жүргізуші: Хандарымыз далада қалмайды, оларға арналып орын беріледі ғой?

 

Қонақ: Егер ондай ескерткіштердің жобасы келіп түссе, біз оны комиссияда қарауға әзірміз.

 

Жүргізуші: Мемлекеттік тілдің қолдану аясына қатысты көңіл толмайтын   сауалдар Президентке қойылған сұрақтардың ішінде де көптеп кезігеді. Сіздің ойыңызша қалай қәзіргі таңда мемлекеттік тілдің қолднау аясы өз деңгейінде ме? Қалай ойлайсыз?

 

Қонақ: Мемлекеттік тілдің  жай жапсары жөнінде кейбір даңғаза мен дақпыртқа негізделген пікірлер кейде бой көрсетіп қалады. Сондай даңғаза дақпырттың соңында елге танымал кейбір зиялы қауым өкілдерінің жүретіні менің де қарынымды ашырады. Егер біз тәуелсіздік алған кездегі қазақ тілінің жағдайымен дәл қәзіргі жағдайын салыстыратын болсақ - арасы жер мен көктей. Біз тәуелсіздік алған тұста Алматы қаласында 2 ғана қазақ мектебі қалған болатын. Осы Астанаға көшкен кезде қазақ мектебін былай қойғанда қазақтардың проценттік көрсеткішіннің өзі 18 пайыздан аспайтын. Құдайға шүкір, бұл күндері Қазақстанның қай түкпірінде болмасын, қай облыс орталығында болмасын қазақ тіліндегі мектептердің де саны, жоғарғы оқу орындарында сабақ беретін қазақ бөлімдерінің де саны да артып келе жатыр. Егер мына 60-70 жылдары Қазақстанда 600 ден астам қазақ мектебі қысқарып кеткен болса, тәуелсіздік алған жылдарында 900-ден астам мектеп жаңадан ашылды. Ал, осының бәрі нақты көрсеткіш емес пе? Біз міне, өмірдің осындай жақсы жағын айтқанның орнына кейде көлеңкелі жақтарына көбірек назар аударып кететін кезіміз болады. Егер қазақ тілінің көсегесін көгертеміз дейтін болса әрбір қазақ баласын жетектеп әкеліп қазақ мектебіне берсін. Өзі отбасында, көшеде қазақша сөйлесін. Елбасы қазақтардың барлығына түсінікті қылып айтты ғой: «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлесін, сонды біздің қазақ тілінің көсегесі көгереді» деп. Қазақстандағы халықтың 67-68  пайызын қазақ құрап отырған кезде бәріміз қазақша сөйлейтін болсақ сонда басқа халық қайда кетеді? Сондықтан бұл мәселені саяси ұпай жинау үшін айта берудің қажеті жоқ. Керісінше бұл мәселеден тағлымды сабақ алу керек деп есептеймін.

 

Жүргізуші: Алдағы 2010 жылы мемлекеттік мекемелердің барлығы мемлекеттік тілге көшу тиіс. Дайынбыз ба біз?

 

Қонақ: 2010 жылы президент әкімшілігі және үкімет мемлекеттік тілге көшеді, қәзірдің өзінде олардың 90 пайыз құжаттары мемлекеттік тілде жүргізілуде. Биыл барлық Қазақстандағы мемлекеттік органдар іс-қағаздарын қазақ тіліне көшіреді ондай бағдарлама қабылданған. Бірақ сонымен бірге егер сол органдарға орыс тілінде хат-хабар келіп түсетін болса, ия басқа тілде, ол хат-хабар жазған адам осы ұлтаралық тілде өзіне қажетті жауабын алуға тиіс. Егер қазақ тілін білмейтін орыс орыс тілінде хат жазатын болса, президент әкімшілігіне, біздің министрлікке мен оған  қазақ тілінде жауап қайтарсам ол сонда аудармашы іздеп жүруі керек пе? Ал негізінде іс-қағаздары биылғы жылдан бастап мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінде сәтімен атқарылып келе жатыр.

 

Жүргізуші: Тағы бір өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік тілдің электронды ақпарат құралдарындағы қолдану аясы жөнінде болып отыр. Яғни, прайм тайм дейміз ғой, сағат 7 мен 11 арасындағы, телеарналарда қазақ тіліндегі бағдарламалардың үлес салмағы аз. Осыған қатысты не айтасыз?

 

Қонақ: Бұл есіңізде болса, 2001-2002 жылы кейбір республикалық коммерциялық арналарда қазақ тіліндегі бағдарламалар 1-2-3 ары кеткенде 5 пайыздан аспайтын. Тіпті кейбір республикалық коммерциялық арналар қазақ тілін былай қойып орыс тілінде де бір де бір процент хабар дайындамайтын. Мәскеудің дайын телеканалдарының продукциясын сол күйінде ретрансляция жасап отыратын. Құдайға шүкір, қәзір жағдай басқаша, қәзір Қазақстандағы барлық коммерциялық каналдардың өзі  өзінің контентінің 70 пайызын Қазақстандық материалдармен толтырып отыр. Ал, енді формальді түрге келген кезде олардың барлығы 50 пайыздан кем, болмау керек деген заңның нормасын орындап отыр, бірақ сіз айтқандай  жаңағыдай аутқушылық бар праймтайм уақытында. Коммерцияға байланысты, мынау қәзіргі дағдарысқа байланысты, жарнама берушінің талабына байланысты кейде орыс тілді хабарлар, кешке қарай жұрт көретін уақыттарда басымдау болып отырғандығы анық. Бірақ бұл мемлекеттік каналдарға қатысты емес. сондықтан мен олардың барлығына ескерту жібердім заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлығынан қатаң сұрайтын боламыз бұл мәселені.

 

Сұхбатты ықшамдап дайындаған - «Абай-ақпарат»

0 пікір