Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3532 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 10:02

Он талап орындалмаса, ұлт патриоттары аштық жариялайды

Жуырда өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XV құрылтайында президент Н.Назарбаев "Бiрiншi мәселе - ұлттық бiрлiктi бiз қалай түсiнемiз? Бұл бiздiң елде тұратын этникалық, дiни және басқа да әлеуметтiк - мәдени топтардың бiрiккен қауымдастығы болу деген сөз. Ең көпұлтты мемлекет - жүздеген этностар мекен­дейтiн АҚШ болса керек, бiрақ олардың бәрi де - американдықтар. Бразилияға ресми сапар барысында бұл елдiң де көпұлтты екенiн байқадым, бiрақ оның тұрғындарының бәрi - бразилиялықтар... Бiз осы жолмен жүруiмiз керек...» деп мәлімдеп, "қазақстандық ұлт" саясатын жүзеге асыру мақсатында "Ел бірлігі" доктринасын қоғамға ұсынғаны мәлім. Билікке тәуелді бірқатар республикалық басылым беттерінде бұл доктринаны талқылау қызу жүргізіліп, оған жалпыхалықтық "қолдау" қолдан ұйымдастырылуда. "Ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") доктринасын «талқылаудан» мемлекеттік қызметкерлер, түрлі ұлт өкілдерінің мәдени ұйымдары басшылары және басқа да әлеуметтік топтар да шет қалып жатқан жоқ. Жоғары жақтан тапсырма келген соң жергілікті билік өкілдері халыққа "бәріміз қолдаймыз" деп ұран айтқызып, "қазақстандық ұлт" идеясын іске асыруға мұрындық болып отыр.

Алайда, "ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") доктринасына зиялы қауым өкілдерінің, демократиялық партия жетекшілері мен ұлтжанды тұлғалардың үлкен тобы өз қарсылығын білдірді. Республикалық басылымдарда ұлт жанашырлары бастаған 15 мыңға тарта азамат қолдаған президенттің атына жолданған үндеу де жарияланды. Жоғары билік қоғамға ұсынған "ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") доктринасының қауіп-қатері осы ашық хатта егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бірақ билік қоғамдық күштердің бұл талабына да құлақ аспай отыр. Жоғарыда аталған үндеуде ұлт тұлғалары "ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") доктринасына өз қарсылығын білдіре отырып,  "Қазақ халқын және республикамыздағы өзге ұлт өкiлдерiн ұлтсыздандыруға бастайтын, бұл американдық, космополиттiк қадамға демократиялық үрдiс аясында, ашық түрде қарсылығымызды бiлдiремiз!" деп мәлімдеген болатын.

Бүгін біз билікке мынадай талаптар қойып отырмыз:

1. "Ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") доктринасынан түбегейлі бас тарту;

2. Қазақ тiлiне Мемлекеттiк мәртебе берiлуiнiң 20 жылдығына орай, елiмiздегi белгiлi қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзiмдi басылым басшыларының, зиялы қауым өкiлдерiнiң ұйымдастыруымен, 20 қыркүйек күнi Алматыдағы Республика Сарайында өткiзiлген «Мемлекеттiк тiлдi қолдау акциясында» билікке қойылған 10 талапты орындау;

Егер жоғары билік өкілдері ұлт патриоттарының аталған талаптарын елеп-ескерусіз қалдырса, белгілі ақын, көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдері, Бақтыбек Иманқожа бастаған «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінен 25 адам, Бейсенғазы Сәдүұлы бастаған «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінен 20 адам және белгілі тарихшы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов бастаған ғалымдар тобы, Қазақстанның халық қаһарманы Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың анасы Дәметкен Асанбаева мен Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова бастаған аналар тобы да аштық жариялауға отырмақ.

Аштық жариялау акциясы 17 желтоқсан күні, Желтоқсан көтерілісі құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағышталған соң басталады. Ұлт тұлғаларының талабы орындалмайынша, аштықтың тоқтамайтынын ескертеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052