Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5485 0 пікір 30 Қараша, 2009 сағат 07:22

Астанада «Цеснабанктің» астынан тоннель қазған адам ұсталды

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Астана полициясы «Цеснабанктің» елордадағы филиалы ғимаратының астынан тоннель қазып, ұрлық жасамақ болған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері.

«24 қарашада Астана ІІД қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы банктердің бірінің ғимаратына тоннель қазу арқылы кіріп, тауар-материалдық құндылықтарын ұрламақ болды деген күдікпен 1977 жылы туған елордалық азаматты ұстады», - деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, ұсталған азамат ұрлыққа өзі жалғыз дайындалғанын айтып, кінәсін мойындап отыр.

«Біз солай ойлағанбыз (тоннель қазуға бірнеше адам қатысқан деп - ҚазТАГ), бірақ ол бүкіл кінәні өз мойнына алып отыр. Қазір барлық жағдайлар анықталып жатыр», - деп нақтылады баспасөз қызметінің қызметкері.

ІІД күдіктіні ұстау операциясы туралы егжей-тегжей мәлімет айтпай отыр.

Еске сала кетейік, биылғы жылы қарашаның 17-ісінен 18-іне қараған түні қаскүнемдер 70 м тоннель қазып, Цеснабанктің қоймаларына кіруге әрекет жасаған.

ҚазТАГ агенттігіне банктің басқарма төрағасының орынбасары Марс Алдашов хабарлағандай, 19 қарашада банктің қауіпсіздік қызметі ғимаратты тексеру кезінде едендегі жарықшақты байқап қалған. Ғимаратқа жер астынан кіру әрекеті жасалғаны анықталды.

«Олар жердің астынан биіктігі адамның бойындай болатын тоннель қазған... Бірнеше ай қазғаны түсінікті. Мұқият жұмыс істеген, электр кабельдерін де зақымдамаған», - деп атап өтті ол.

М. Алдашов ұрылар ғимаратқа енгеннің өзінде, банктің қоймасына кіре алмайтын еді деп отыр.

«Олар қауіпсіздік деңгейінен өтпеген, дабылға да жетпеген. Қалай болғанда да, олар қоймаға кіра алмайтын еді», - деп атап көрсетті ол.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036