Қанат Саудабаев: Мен жылаушылардан кем еңбек жасаған жоқпын
Мемлекеттік тілді дамыту қорының бір жылдық есебінде сөйлегендердің сөзі басапсөз беттерінде көрініс тауып жатыр. Сол жиынға қатысқандардың бәрі салиқалы ой айтып, келелі мәселені ортаға салған сияқты. Шынымен солай ма? Ендеше оқып көріңіздер. Біздің тілшіміз «Ел бірлігі» доктринасы мен Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірген тұлғалардың сөздерін аудыртпай көшіріп алып беріп отыр.
Оралбай Әбдікәрімов
Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөніндегі шынында мұндай жоба бар, жатыр. Менің бір ұсынысым, осыны біздің мына мәжілістегі Қазақстан халық ассамблеясынан сайланған депуттар, солардың бастауымен, осыны, сол ұсынуға болады деген, сондай пікірім бар.
Мырзатай Жолдасбеков
Күн тәртібінен түсті. «Қазақстандық ұлт» дейтін нәрсе жоқ. Бұл енді мен ойлаймын, ол ешқандай болмайды да.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының бір жылдық есебінде сөйлегендердің сөзі басапсөз беттерінде көрініс тауып жатыр. Сол жиынға қатысқандардың бәрі салиқалы ой айтып, келелі мәселені ортаға салған сияқты. Шынымен солай ма? Ендеше оқып көріңіздер. Біздің тілшіміз «Ел бірлігі» доктринасы мен Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірген тұлғалардың сөздерін аудыртпай көшіріп алып беріп отыр.
Оралбай Әбдікәрімов
Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөніндегі шынында мұндай жоба бар, жатыр. Менің бір ұсынысым, осыны біздің мына мәжілістегі Қазақстан халық ассамблеясынан сайланған депуттар, солардың бастауымен, осыны, сол ұсынуға болады деген, сондай пікірім бар.
Мырзатай Жолдасбеков
Күн тәртібінен түсті. «Қазақстандық ұлт» дейтін нәрсе жоқ. Бұл енді мен ойлаймын, ол ешқандай болмайды да.
Қазір енді мені қинап отырған не нәрсе. Біз енді 70-тен асқан адамбыз ғой. Мен осы кешелі бері, әнеукүннен бері газеттерді көбірек оқып жатырмын. Бұл «Ел бірлігі» деген доктринаға байланысты ушықтырып, осыны даурықтырып, кәдімгідей жалаулатып, көтеріп жатқан біздің бауырларымыз бар. Қазір қараңыздаршы қаншама балабақшы қалпына келтіріліп жатыр. Қаншама мектеп ашылып жатыр біздің мемлекеттік тілімізде. Біз кішкене сабыр етуіміз керек деп ойлаймын. Мына, біз өзі баяғы заманда да, қазақтың салтынан, тарихынан біз білетін нәрсе, қазақ басқаны істеуі мүмкін, бірақ аштық жарияламаған. Осындай бір пәле пайда болды бізге соңғы кезде. Оның бетін әрмен қылсын. Сондықтан Смағұл, сен бәріміз жақсы көретін, ойлы, үлкен халқымыздың қабырғалы азаматысың. Мен мәселен ағасы ретінде айтар едім Мұхтарға (Шахановқа) сәлем айт. Оның да денсаулығы бізге керек. Қазақ халқының үлкен ақыны. Атақты ақыны. Әлі елімізге, ұрпаққа, аса татымды шығармалар беретін деп отырған ақынымыз. Сондықтан өзінің денсаулығын да сақтасын, абай болсын. Біз бәріміз қазір соған абыржып отырмыз. Ал енді оны кейбіреулер айтақтауы мүмкін. Мәселен, қанша жерден жанашыр болды дегенмен Петр Своик қазақтың тіліне жаны ашып, ұлтқа жаны ашып отыр деп мен өз басым ойламаймын. Сондықтан бір кішкене әр нәрсені біз, салмақтап, ойға салсақ деп ойлаймын. Сосын мына төрде отырған інілерімізге айтатыным, бізді жау қуып бара жатқан жоқ, еш қайда асығып бара жатқынымыз жоқ. Табан астында бір доктриналар шығады, табан астында концепциялар шығады. Сол кішкене ойланса, ойлансақ. Мәселен мына Смағұл отыр ініміз, мына жерде қасымда Амангелді отыр. Сондай бір үлкен, концептуалды құжаттар дайындалатын кезде, мен ойлаймын осындай ақылы бар, ойы бар, ұлтқа жаны ашитын азаматтарды да қамту керек деп ойлаймын. Сол кезде біз қателеспейміз. Әңгіме көбеймейді. Ал енді елдің көбінің ашық айтып отырған әңгімесі, ақиқаты ол мәселен заңды орындату керек. Неге оны талқылай береміз біз. Сонан кейін елбасының қол қойған құжаты бар. Пәрмені бар. Онда, менің есімде әлі күнге дейін: 2009-шы жылы президент әкімшілігі, үкімет түгел қазақ тілінде сөйлеу керек. Көшу керек. Ал оның ішінде шүлдірлеп жүрген, қазақша білмейтін адамдар да көп. Сондықтан Мәулен, енді сен осы мәселемен көбірек айналысып отырсың ғой шырағым, осыны көбірек қадағалаңқырау керек деп ойлаймын. Біз енді аузымызды қу шөппен сүрте бермейік жігіттер. Байбалам сала бермейік. Ашуға салынбайық. Одан қазақ ешқашан ештеңе ұтқан емес. Неде болса бәрін ақылға салуымыз керек. Елбасы осы құдайға тәуба, осы ұлт үшін, халық үшін істемей жатқан нәрсесі жоқ қой. Мен мәселен, азар болса жалғыз Кекілбаевтың кеудесінде тұрған шығар мынау бес жұлдыз (Еңбек ері) Осы шешім жарияланған кезде бүкіл Байсейітов атындағы опера театрында бәріміз орнымыздан тұрып, көзімізге жас келді. Бұны біз әдебиетімізге, қазақ тілінің мерейіне, руханиятымыздың мерейіне берген сыйлық деп есептедік. Сондықтан құдайға шүкір, бізге осындай бір, кішкене жақсылықтарды да көре білуіміз керек деп ойлаймын. Мен өз басымнан, енді ол Алматыда ғой Мұхтар, оны жақсы көремін. Талантты азамат, ініміз. Менен дұғай сәлем айт шырағым. Жақсы нәрсе емес бұл. Неғылады аштық жариялап, онан да бала-шағасы бар, жақыны бар, керегі жоқ. Құдай қаласа ол сол, аштық жариялаймын деп, сол үшін наразы болып жатқан «Ел бірлігі» дейтін доктрина қабылданбауы да мүмкін. Талқылап жатырмыз ғой. Пікірімізді айтып жатырмыз. Пікіріміз жетіп жатыр. Қабылдап жатыр құдай қаласа. Осындай бір сабырға, інілерімізді бір кісілікке, бірлікке, ынтымаққа шақырғым келеді. Көп рахмет!
Асылы Осман
Шын мәнінде елбасымыздың ерен еңбегін бағаламайтын бірде бір жан жоқ. Бірақ елбасымыздың бастамасын әрі қарай жетесіне жеткізуге келгенде кемшін тартып жатқан жайымыз бар. Тіпті мен бұдан бұрында мақала жазып та айтқанмын: Бір қазақтың бастамасын бар қазақ жүзеге асыра алмай жатыр,- дегенім. Жаңағы докторинадан біздің айқайымыздың, көптің шығып жатқаны - докторинаны жаз деп айтылған, бірақ докторинаны қай мағынада, қай мақсатта, қандай рухта, қандай талаппен жазу керектігін білетін адам жазу керек, жандарым. Егер біле білсеңіздер, сол докторинаны менің қолыма орысшасын ұстатты. Неге мен қазақшасын ұстамауым керек біріншіден. Екіншіден докторинаның не екенін сол жазған адам ұғу керек. Үшіншіден оның орысшасында бір басқа, қазақшасына келіп бір басқа деймін. Осының арасындағы қайшылықтар бүгінгі таңда қоғамның өзіне қайшылықтар туғызып отыр. Елбасы айтқан кезде шын мәніндегі ел бірлігінің ұйытқысы, оның негізі неде? Соны білетін адам жазу керек. Сол Ералы Тоғжанов сол жазғанда біліп жазды ма екен, білмей жазып отыр ол. Егер біле білетін болса, қазақтың, бүгінгі қоғамның жайын ұққан адам болатын болса, докторинаны сол тұрғыда, сол мақсатта жазбаған болар еді.
Тіл деңгейі байқауының әрбір қызметке аларда қазақ тілін сұрау, талап қою дегенді, ғылыми зерттеу орталықтарын ашу дегенге екі қолымды көтерем. Қазақтың тіліне бір-ақ нәрсе керек. Қазақтың тіліне талап керек. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру керек. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Қай ұлттан, қай елден болса да, қастерлі, құдіреттісі тілі. Тілге жақын адам елге жақын болады. Тілді білген адам ғана соның мәртебесін көтере алады. Ұлтты түсінеді, ұғынады, қадірлейді, қастерлейді, құрметтейді. Сол тілді білуге талпынады.
Мәулен Әшімбаев
Мен енді өзім ойлаймын, бір жағынан бұл дұрыс та шығар. Елбасы да осы доктринаны бірден қабылдамай, секретариат жасаған доктринаны қабылдамай, халық талқыласын, әр түрлі пікірлер айтылсын, деп өзі сөйтіп ұсынып отыр ғой халыққа талқылауға. Сондықтан осындай әңгімелердің шығуы өте орынды, өте дұрыс. Осындай пікірталастарды ескере келе, айтылған ұсыныстарды ескере келе доктринаны жақсылап, бәріміз бірігіп жасасақ, бір жақсы үлкен документ шығатынына өзімнің күмәнім жоқ. Жалпы бұл жерде айтатын бір-екі мәселе, жаңа Смағұл ағамыз да айтып кетті, Нұрлан ағамыз да айтып кетті. Бұл сіздердің қолдарыңыздағы жоба. Жобаны дайындаған, енді мына ассамблеяның өзінің тартқан сарапшылары бар, басқа бір мамандары бар, енді олардың уақыттары аздау болды, сондықтан енді бұл жобаны тек жоба деп қабылдау керек. Бұған Алматыда Мұхтар Шаханов бастаған біраз азаматтар отыр. Солардың ұсыныстары айтылса, олар сол ұсыныстарын нақты қағазға түсірсе, оның бәрі ескеріледі деп өздеріңізге осы жерде анық айтам. Егерде доктринаның ішінде, жанегідей, Смағұл ағамыз айтты ғой, теңгермешілік сияқты терминдер, солар болып жатса, мүмкін оны орысша бір жақтан жасаған шығар доктринаны. Сосын қазақша аударған шығар. Немес басқаша болған шығар. Сол кезде осындай терминдердің кіріп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан ондай терминдерге көп көңіл бөлмей, бұл сол аудармашылардың бір кінәсі шығар, сондықтан оларды алып тастайық. Бұдан үлкен саясат туғызып, бір үлкен әңгіме туғызатындай мен ешқандай негіз көріп отырған жоқпын. Жалпы, қазір енді бір дұрыс емес пікір бар Алматыда. Мына доктринаның ішінде қазақ ұлтына қарсы бір әңгімелер бар екен, «қазақстандық ұлт» дегенді қозғайтын пікірлер бар екен деген әңгімелер айтылады. Оның бәрі шындыққа сай келмейтін әңгімелер. Доктринаның ішінде «қазақстандық ұлт» деген әңгіме жоқ. Доктринаның ішінде қазақ тіліне қарсы көтерілген ешқандай ойлар, ешқандай пікірлер жоқ. Егерде ондай ойлар болса, қазақ тіліне қарсы, қазақ қоғамына қарсы, қазақтың болашағына қарсы пікірлер болса доктринаның ішінде, оны елбасының өзі, бұл дрктринаны қоғамға жібермес еді. Сондықтан бұл жерде мен өзім ойлаймын, кейде мысалы бір аударма кезінде қателіктер болды ма, басқа бір түсініспеушіліктер болды ма, әлде ағаларымыз сол докринаны дұрыс оқымады ма, сондықтан осындай бір-бірімізді түсінбеушіліктер бар шығар. Оны енді ақылдаса отырып, әңгімелесіп отырып, ондай мәселелерді шешуіміз керек. Бұдан басқа жаңа көтерілген, айтылған шаруа, енді биліктен ешкім Мұхтар Шахановпен сөйлеспей жатыр, ешкім бармай жатыр деген әңгіме болды ғой. Бұған байланысты айтатын мәселе, өткен аптада президент әкімшілігінің басшысының тапсырмасымен, әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Мыңбай деген азамат, қазақ тілінің жанашыры, оны барлықтарыңыз білесіздер, арнайы Алматыға барып біраз кездесулер өткізді. Ол кездесуге Смағұл аға сіз де қатыстыңыз ғой, қатыстыңыз. Нұрлан аға қатыстыңыз ғой, қатыстыңыз. Осы жердегі біраз азаматтар кездесуге қатысты. Бұдан басқа кеше, біздің тапсырмамызбен Сейдуманов Серік деген біздің әріптесіміз, сіздердің барлықтарыңызды жинап, Смағұл аға болдыңыз ғой, болдыңыз, ол жерде, жинап, доктринаға қандай пікірлеріңіз бар деп, кеше сондай әңгіме өткізді. Бес сағат үлкен әңгіме болды. Бұдан басқа секретариаттың басшысы, Ералы Тоқжанов 5-6 күн болды Алматыда жатыр. Алматыда жатып күнде Мұхтар Шахановпен кездесіп отыр. Күнде сол Мұхтар Шахановтың айналасындағы адамдармен кездесіп отыр. Смағұл аға сізбен кездесті ғой, кездесті. Нұрлан аға сізбен кездесті ғой, кездесті. Сондықтан биліктен ешкім сіздермен кездеспей жатыр, бармай жатыр деген әңгіме онша шындыққа жанаспайтын әңгіме шығар. Егерде Дархан бауырымыз бен Ералы Тоқжановтың деңгейлері аздау болса, онда бүгін түстен кейін кездесейік. Кездесіп ұсыныстардың бәрн айтыңыз. Оның бәрін біз секретариатқа берейік. Олар бәрін ескерсін. Сондықтан бұл жерде доктринаға осындай бір қазаққа қарсы пікірлер кіріпті, доктрина қазаққа қарсы екен, «қазақстандық ұлтты» дамытуға арналған екен деген пікірдің бәрі ол рас емес. Бұл мәселені елбасы ешқашан өткізбейді бұндай документі, егер олай болатын болса. Оны сіздер өткізбейсіздер. Оны қазақтың қоғамы өткізбейді. Сондықтан осыны нақтылап, осы жерде айтуымыз керек. Сондықтан оны енді бәріміз бірігіп, дұрыстап жасасақ, бұл жақсы бір енді, шетелде көрсететін документ болар деп өзіміз ойлаймыз. Сондықтан кетіп қалған ешнәрсе жоқ, қазақ ұлтына қарсы жасалып жатқан ешқандай шаруа жоқ. Оған аппараттағы азаматтар да, ешкім жол бермейді ондай шаруаға, сондықтан бәріміз бірігіп, артық әңгімеге бармай, еліміздің ішіндегі тыныштықты сақтап, елбасының саясатын әрі қарай жүзеге асырып, өстіп бірге жұмыс істей берсек, рас, мемлекеттің алдында тұрған мақсаттарға жетеміз деп өзім ойлаймын. Қазақстанның да, қазақ тілінің де болашағы үлкен. Бәрі де орнына келетініне өзім сенімдімін. Рахмет!
Қанат Саудабаев
Мен осы рухани саласында 68 жылдан бері қолымнан келгенше еңбек жасап келемін. Осы көп қазір қазақтың тіліне, қазақ халқына жылаушылардың, жылаушылардан кем еңбек жасаған жоқпын, жасамаймын да. Сіздер осы ия, бір дауыс естілмеген кезде біз бұл мәселелермен шұғылданған адамбыз. Міні Әбекең отыр, Қуаныш Сұлтанович отыр осы жерде, екеуі де ағам, менің әріптестерім. Бүгін осы қайбір жігіттер асыра сілтегенде менің денім дүршігеді. Сонда солар Нұрсұлтан Назарбаевтан көп жасады ма осы қазақ халқына. Сіздер кеше біз қай жерде болғанымызды осындай жігіттер неге ұмытады. Неге бұны, ия, саудаға салады, саяси саудаға. Біз кеше, кеше ғана тәуелсіздік алдында мына сіз заведующий, і-і-і ия, мәдениет бөлменің меңгерушісі, отыратынбыз, санап отыратынбыз қазақ нөмірін қанша қосамыз концертке, қанша, ия, қазақша сөйлету болады. Соның кезінде біз жас жігіттерміз, ағаларымызға ренжи тұғынбыз. Осылар-ақ бәрін таразыға салып құртатын болды деп. Сол кезде мен сіздерге айтайын, 86-шы жылы сол біраз ағайындар өшіретке тұрған қол қоямыз деп - осы қазақтың жастары мынау ұлттық неге кетіп қалды деп. «Правдаға» біз хат жазамыз, ЦК-ға хат жазамыз, сол жерде өшіретке тұрған, ойбай мені ұмытып кетпеңдер, меніңде қолымды қойып хатқа, аты-жөнімді жазыңдар деген. Солардың біраздары қазір, ия, сол тәуелсіздік алғаннан кейін, ия, ойбай біз жанашыр боп шықтық. Мен осындай әділетсіздікке қарсымын. Құдайға шүкір, осындай қиын кезеңде, қазақ халқының осындай перзенті болған Нұрслтан Нахарбаевтай. 38 процент қазақ еді біз тәуелсіздік алғанда. Қайда болар едік осы, ия, осындай пікірге біз қосылсақ. Кім осы жауапкершілікке айтар еді. Әй мен қазір, мынау, мемлекеттік хатшы ретінде емес, осы қазақтың бір ұлы ретінде айтып отырмын бұл мәселені. Поэтому әр сөздің бағасы болу керек, әр сөзге жауапты болуымыз керек жігіттер. (қолдау іздегендей жан жағына қарағанда Әшімбаев араласты сөзге)
Мәулен Әшімбаев
Мен бір айтайыншы, Мұхтар Шахановты біз шақырдық осы жиналысқа. Осы жиналысқа шақырдық қой Смағұл аға, білесіз ғой ия, енді неге келіп айтпайды осы жиналысқа осы жерде. Шақырдық, Дархан Мыңбай бірнеше рет звондады, біздің жігіттер звондады. Қайта-қайта шақырдық, келіңіз, айтыңыз, осы жерге неге келмейді онда сонда (бұлқынып микрофон тетігін басып қойды Әшімбаев).
Қанат Саудабаев:
Бұл Мұхтар Шахановтың өз басының мәселесі емес, Мұхтар Шаханов та ия, біздің әріәптесіміз, бауырымыз, оның ия, өзінің ия, мынандай жағдайларға айтатұғын сөздері де бар, пікірі де бар, бірақ, мұны мен тағы да айтам, бұл тіл мәселесі, қазақтың тағдыры, біздің жаңадан 18-ге келе жатқан тәуелсіз мемлекетіміздің тағдыры ол ешқашан саяси саудаға салынатұғын тірлік емес. Мен осы үшін жаңағы ия, Нұрлан бауырыма, ініме айтқаным: көп жасалып жатыр, құдайға шүкір біз қайдан шыққанымызды білсек, мынау қолда бар алтынның бағасы жоқ деген осы. Жаңа Мырзекең жақсы айтты, ия, шүкір дейік, шүкірге бақ қонады дейді қазақта. Бүгінде көп жағдайлар жасалып жатыр. Жаңа мен, ия, кіріспе сөзімде біраз жасалып жатқан тірліктерді айтып кеттім. Қазір де мына пікір-ойларыңызды тағы да қарап, біраз мемлекеттік мекемелерге тапсырма беріледі. Мына заңға енгерістер енгізу мәселесі қаралады. Жаңа үш жаңадан ия телеарна 24 сағат істейтін тек қана қазақ тілінде, сондай жағдайлар жасалып жатыр. Қазір мен сіздерге айтайын, 18 жылда осы елбасымыздың арқасында мына біздің жаңағы Осман апай жақсы айтып кетті, қазақ өзі бауырына тартатұғын халық. Осының арқасында да құдайға шүкір, жалғыз-ақ осы біздің мемлекетіміз қан төгілмей, айқай-шусыз міне 18 жыл келе жатырмыз. Дүние соны қабылдап отыр. Дүние осыған үлкен баға беріп отыр. Біз неге өз арамызда осындай былық-бүлшік шығарамыз. Оны халық жасап отырған жоқ. Халық жасап отырған жоқ. Халыққа көсем сымақтар жасап отыр. Вот біз солармен халық үшін, қазақ тілі үшін, еліміз үшін, солармен, ия, біз дұрыс жұмыс жасатуымыз керек. Олар да біздің, ия, қоғамның бір бөлегі. Олардың пікірін сыйлаймыз, нетеміз, бірақ біз ойлануымыз керек, қандай жағдайды біз, ия, осындай ойын таразысына қойып отырмыз.
«Абай-ақпарат»