Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4282 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 10:18

Ерлан Саиров, саясаттанушы. Саясаттағы көз жасы зиянды нәрсе

Кез келген мемлекеттің саяси мәдениеті объективті және субъективті факторлардың өзара шарттарымен, өзара байланыстардың нәтижесінде қалыптасады.  Пост-кеңестік саяси мәдениеттің негізгі жаңалығы және  құрылымдық бөлімі оппозиция феномені мен оппозиция институты болып табылады. Бұл құбылыстың қыр-сырлары  жаңа саяси дәстүр салынып жатқан  өтпелі немесе транзиттік кезеңге тән.

Аталған институттың маңыздылығын жоққа шығармай-ақ қоялық, дегенмен Қазақстанда оппозиция институты толығымен қалыптасты ма? -  деген сұрақ туындайды. Бар болса, оның сапасы қандай? Қазақстанда шын мәнінде оппозиция бар ма деген сауалға қатысты да бүгінгі күні қарама-қайшы көзқарастар жетіп артылады.

Кейбіреулердің пікірінше, Қазақстандағы оппозиция деп жүрген саяси құрылымның басым көпшілігі шынайы оппозиция болып табылмайды. Олар тек, Батыс алдында демократия мен оппозицияның, сонымен қатар көппартиялықтың бар екендігін көрсету үшін ғана құрылған саяси елес.

Басқалары, меніңше, азшылығы, оппозицияның бар екендігін мойындайды, бірақ ол әлі де жетілмеген күйде есептейді. Шынтуайтына келгенде оппозицияның деңгейі мен сапасы ұлтымыздың алдында тұрған биік мұраттар мен міндеттерге сай келмейді.

Дамыған елдердегі оппозицияның түр-сипаты бізде жоқ екендігін ескере отырып, бұл мәселені талдап көрейік.

Кез келген мемлекеттің саяси мәдениеті объективті және субъективті факторлардың өзара шарттарымен, өзара байланыстардың нәтижесінде қалыптасады.  Пост-кеңестік саяси мәдениеттің негізгі жаңалығы және  құрылымдық бөлімі оппозиция феномені мен оппозиция институты болып табылады. Бұл құбылыстың қыр-сырлары  жаңа саяси дәстүр салынып жатқан  өтпелі немесе транзиттік кезеңге тән.

Аталған институттың маңыздылығын жоққа шығармай-ақ қоялық, дегенмен Қазақстанда оппозиция институты толығымен қалыптасты ма? -  деген сұрақ туындайды. Бар болса, оның сапасы қандай? Қазақстанда шын мәнінде оппозиция бар ма деген сауалға қатысты да бүгінгі күні қарама-қайшы көзқарастар жетіп артылады.

Кейбіреулердің пікірінше, Қазақстандағы оппозиция деп жүрген саяси құрылымның басым көпшілігі шынайы оппозиция болып табылмайды. Олар тек, Батыс алдында демократия мен оппозицияның, сонымен қатар көппартиялықтың бар екендігін көрсету үшін ғана құрылған саяси елес.

Басқалары, меніңше, азшылығы, оппозицияның бар екендігін мойындайды, бірақ ол әлі де жетілмеген күйде есептейді. Шынтуайтына келгенде оппозицияның деңгейі мен сапасы ұлтымыздың алдында тұрған биік мұраттар мен міндеттерге сай келмейді.

Дамыған елдердегі оппозицияның түр-сипаты бізде жоқ екендігін ескере отырып, бұл мәселені талдап көрейік.

Біріншіден, Батыс демократия елдерінің барлық оппозициялық ұйымдары мен партияларын алып қарайтын болсақ, олар саяси жүйенің құрамдас бөлігінде өмір сүреді. Яғни, сол мемлекеттердің саяси жүйесінің ішінде болып табылады. Саяси жүйенің өз ішіндегі маргиналды немесе ультра солшыл, немесе ультра оңшыл ұйымдарды санамағанда саяси жүйенің ерекшеліктерімен байланысты объективті және субъективті шектеулердің бар екені мәлім. Бірақ, оппозицияның өзі қаншалықты дамыған? Оны өкімет мойындауға қаншалықты дайын?

Екіншіден, Батыста оппозиция  «бәрінен бас тарту» саясатын ұстанатын ұйым болып табылмайды.

Тіпті Ресейде де РФКП бүгінгі таңда құндылықтар эволюциясы мен саяси мәдениеттің үлгісі бола білуде. Бүгінгі Ресейдің Коммунистік партиясы байсалды  парламенттік партия.

Қазіргі таңда біздің қоғамда оппозиция мәртебесі мен оның қоғамдық мәні күннен күнге төмендеп  «құлдырап»  саяси девальвацияға ұшырап барады Бұл неліктен?

Біздің ойымызша бірнеше  факторлар бар.

Біріншіден, Қазақстандағы оппозиция үш жағдаймен бөлінген: көп жылдық ұрыс-керіс негізінде, тұлға аралық көре алмаушылық және жек көрушілік;  түрлі стратегиялар; идеяның болмауы (жоқтығы).

Оппозицияның рулық әсері мен нашар генетика. Оппозицияның өзі қашанда элита билігінің ішкі бөлінуі мен келіспеушіліктің нәтижесі болып табылады.Көптеген саяси «кейіпкерлердің» билік құрсауынан босауы, ығыстырылуы, шығарылуы ылғи да бас араздыққа немесе оппозицияға тікелей жол болып табылады. Белгілі саяси құндылықтардың иегері болмағандықтан біздің оппозиция жылы орынынан кеткен билік өкілдерінің штабына айналып отыр және биліктен бір «семіз» ұсыныс түссе барлық принциптерін доғарып қойып биліктің құшағына құлағанша асығады.

Алайда белгілі себептермен  «семіз» ұсыныс түспесе, керемет оппозиционерге айналып  партиялардың қатарына қосылып, Абай  «бас -басына би болған өңшең қиқым» демекші беталды сынмен айналысады да отырады. Үй ішінде бүлік шығарудың  нәтижесінде биік мақсаттарды аңсау тек мүлдем мүмкін емес қой. Оппозиция алғашында меркантильді, жеке бастың мүдделері тұрғысынан жасақталғандықтан, құндылықтар мен идеялар оларға көп «жараспайды». Осыдан оппозицияның белсенділігі мен саяси бағдарламасының қоғам алдындағы маңызы мен мәні арзандап жатады.

Жалпы, оппозиция тарихы - бұл өзара бас араздық пен интрига тарихы. Оппозиция өкілдері өздерінің негізгі күшін ызалы өкпеге және бір-бірінің беделін түсіруге жұмсайды. Әрине мұндай «шатақ мінез» халық пен қоғамды шаршатып қана қоймай жалықтыра бастаса да, олар әлі де бір-бірін «тістеп» жұлқылаудан жалығатын сыңай танытпайды.

Оппозицияның идеясының жан-жаққа шашырап кеткендігі келесі нәтижеге алып келді: біреулер билікпен жұмыс істеуге дайын болса, басқалары барлығын «жоққа шығару» принципін ұстанып, мұның ақыры оппозицияны маргинизациялауға әкеп соқтырды. Айғай-шушыл оппозицияның реніші мен үздіксіз қыңқылы қоғамды шаршатқандығы анық.Кез келген, тіпті демократиялық құндылықтарға шын берілген азаматтардың өзі іштей «Жетер! Бір нәрсе туралы қанша айта беруге болады!» деп талап қоя бастады қазір. Шынын айту керек, бүгінгі билік идеологтарының тарапынан оппозицияға бағытталған  сын оппозициямен күресуге емес, оған яғни оппозицияға бүгінгі күн тәртібіне сәйкес халықаралық стандарттарға сай позитивті бағдарлама жасауға көмектесуге бағытталып келеді. Билікке шынайы альтернативаның  болмауы, тек оппозицияның үлкен мәселесі ғана емес, сонымен қатар биліктің де үлкен проблемасы болып табылады.  Аяққы кездері  оппозиция «өкімет  біздің идеяларымызды ұрлады» деп кінәлауды «модаға» айналдырып алды. Кез келген мемлекеттің оппозиционері оның идеясын өкімет ұрласа, өзін  бақытты  сезінер еді. Бірақ бізде олай емес.

Оппозиция деп аталып жүргендер өз жақтастарын біріктіріп, жаңа жақтастар жасау «идеясын» қалыптастыра алмай отыр.

Біздің бұл арада Социал-демократиялық партия мен Азат партиясының ажырасып  одан кейін қайтадан «отау  құрып» жатқан іс-қимылдары бірін-бірі түсініксіз махаббатпен ұнататын отбасының  тіршілігін еске түсіретін болғандықтан сөз шығындағымыз келмейді.

Ал оппозицияның атақты ұраны «Назарбаевсыз Қазақстан» бүгін жай адам тұрмақ оппозицияның өзіне әсер ете алмайды.Өйткені сіз  Қазақстанды қалай Назарбаевсыз елестете аласыз және осы ұран нақ шындық болса оппозиция өкілдері неге әрқашан Назарбаевпен кездесуді талап етеді?

Демек, белгілі «шаян, аққу, шортан» мысалындағы оқиға қайталанып отыр. Біз  оппозицияның тек осы «жаңашылдықтарымен» тоқталуымызға болатын еді, бірақ «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» деген мақалға сай осы ойды әрі қарай жалғастырайық.

 

Біздің оппозиция аянышты, жылауық. Ол үнемі қоғамда  өзін өкпелі адам кейіпінде көрсетеді. Ал, өкпелеу өмірде болсын, саясатта болсын ол тиімсіз ғана емес сонымен қатар зиянды нәрсе. Біздің халық ежелден өкпелілерге тілектес болған, бірақ қолдамаған. Біздің елде өкпелілерді жақсы көреді деген атақты мәтелдің қазіргі күнде өзектілігі жоқ. Халық, қоғам  көздері жасқа толған саясаткерлер тобын емес күш іздейді, мықты тұлғаларды іздейді.

Ең негізгісі оппозиция тек ел ішінде ғана емес шет елге де шағым түсіргіш.Ал бұл болса, ел ішінде жағымды имидж құруға жұмыс алмайды. Көбіне, көпшілік бұл феноменді «кеңестік жүйеден» қалған өсек тасу мен         «домалақ арыз» есебінде қабылдайды.Пушкин «сынауға тек мемлекет ішінде болады, шет елде болмайды» деген екен.

Жоғарыда айтылған фактілерді ескере келгенде байқайтынымыз, оппозиция түсінігі бізде қазіргі күні құндылықтар инфляциясына ұшырап «техникалық дефольтқа» жақындай түсуде. Ескі догмалар мен технологияларға сүйене отырып жеңіске жету мүмкін емес.

Енді өкіметтің қалай жұмыс істейтін қарастырайық: соңғы жылдары ІШӨ-ның екі еседен көп өсуі, орта айлық көлемнің екі есе өсуі, ипотекалық тұрғын үй мәселесін шешкен мемлекеттердің бірі Қазақстан болып отыр.  «Жол картасы» әлемдегі ең үздік инфракұрылымдық  жобалардың бірі.

Әрине, осы жағымды жайттарды  ел Президент Назарбаевпен және «Нұр Отан» партиясымен байланыстырады.

Жаңа менеджменттің келуімен «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мүлдем басқаша жұмыс істей бастады. Партия бүкіл қоғамның күн тәртібінің модераторы болып келеді.

Үкіметпен  тұрақты диалог барысында, партия құрылыс пен жолдарды жөндеуге, ауыл мамандарын үймен қамтамасыз етуге, зейнетақы мен айлық жалақыны төлеуге бөлетін қаражаттың ұлғаюына қол жеткізеді.

Партияның «болашақтың өзіндік келбеті», елдің стратегиялық дамуы пайда болды. «Нұр Отанның» алдына қойған мақсатының ең бастысы - азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру, Қазақстанды тұруға жайлы, күшті, беделді және жоғары технологиялы мемлекетке айналдыру болып табылады.

Енді мына сұраққа келейік. Дағдарыс алдында мемлекет өзін қалай ұстады? Тек 1 жыл бұрын ғана оппозицияның кейбір жігерлі өкілдері дағдарыс құбылыстарының апатты ұлғаюын, кәсіпорындардың жаппай жабылуын, үлкен жұмыссыздықты болжамдаған болатын.

Алайда, бүгінгі күні өкімет әлемдік дағдарыс қиыншылықтарын ойдағыдай жеңіп шыға бастады. Дүние жүзі сауда ұйымы Қазақстан өкіметі іс-қимылдарын тек пәрменді екенін ғана мойындамай басқа да елдер үшін тиімді әрекет деп есептейді. Бұған қоса, Мәсімов үкіметінің әрекеттері  арқасында, бүгінгі күні өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюын және инфляцияның төмендеуін байқап отырмыз.

 

Егер оппозиция өкілдерінің барлық сөздеріне  зер салып талдап шықсақ, тек негативпен ел дамуының нашар жолын ғана көре аламыз. Әрдайым «жамандық» туралы сөйлейтін адамдар жағымды болып қабылданбайды да қоғамдық-саяси қолдау да жойылады.

Демек, оппозиция тек өкіметтікке ғана қарсы шықпай, сол  қоғамды қалыптсатыратын идеялармен және нақтылы жобалармен қамтамасыз етуі қажет. Бүгінгі күні оппозиция бұл жөнінде құзырсыз.

Қарин Ерлан, Әбдіғалиев Берік, Сарымов Айдос сияқты қайраткерлер рухани-гуманитарлық салада ешқандай материалдық қорлары болмаса да қоғамға пайдалы көп қызметтер жасап жүр (оппозиция партиялары мен олардың жетекшілеріне қарағанда).

Ешқандай ресурсры жоқ Мұхтар Шахановтың өзі бүкіл оппозиция жасай алмайтын тектоникалық қозғалыс жасауға қабілетті. Оппозицияның идеялық  халдегі аянышты жағдайын осыдан да көруге болады.

Билікті саяси билікті  монополия жасады деп кіналайтын оппозиция жас буын өкілдерін тәрбиелеуден ада. Өйткені оппозиция басшылары өздерінің жылы орынынан айрылып қаламыз деп қорқады. Қарап көріңіздерші, бүгін ешбір оппозициялық партияның жас қанаты жоқ. Оппозиция өкіметті оппозициялау құқығын монополизациялады.

Ал енді не істеу керек?

Бізге еліміздің саяси жүйесін мойындайтын, халықаралық тенденцияларға сәйкес келетін нағыз халықтық оппозиция қажет. Оны биліктің өзі жасауы керек. Ол оппозиция қазақтың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қырын қарамайтын болуы керек. Ол билікке қарап әрқашан жылап отырмайтын болуы керек.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279