Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7045 0 пікір 28 Желтоқсан, 2009 сағат 10:02

Құрметті достар!

Abai.kz ақпараттық порталы ғаламтор кеңістігіне енгелі көп уақыт өте қоймапты. Ақпараттық заманның түсінігінде - «қас-қағым сәт». Осы «қас-қағым сәтте» ғаламторда пайда болған Абай есімі ауыздан ауызға көшіп тез танылып үлгерді. Күн сайын порталымыздың аудиториясы жүзден астам адамға толығады екен. Бастапқы кезде кез-келген мақаланың мазмұнына тиісті екі-үш ой айтылса, бүгінгі күні пікір білдірушілердің белсенділігі ақпараттық нарықта көп жылдардан бері келе жатқан орыстілді майталман интернетшілердің өзін қайран қалдыруда. Порталымыз жалпы еліміздегі екі мыңнан астам сайттың ішінде алпысыншы-жетпісінші орындарға ие болса, «баспасөз және жаңалықтар» санатындағы  ең үздік он бес сайттың қатарынан тұрақты көрініп отыр.

Бұл, біріншіден - Хакім атамызды ұлықтаған ұлттың құрметінен туып, үрметіне жайылған танымалдылықтың белгісі екені даусыз.

Екіншіден, ақпараттық портал Абай даналығына жүгініп келе жатқан қазақтың бүгінгі БАҚ әлемінен жаңа сөз күтіп елеңдей қалған көңіл күйімен, ішкі тілегімен үйлесім таба қойды. Біз, міне, осы жайтты әсіресе, әңгіме ете түсуге ынталымыз.

Abai.kz  ғаламтор айдынына аяқ басқан күннен бері қарай  портал ұжымы ыждаһатты түрде Абай шығармашылығы мен Абайтану мектебінің озық дәстүрін үлгі ете отырып «Абай» атты жеке тараудың мұрағат қорын толықтыру үстінде.

Алашорда ардагерлері мен Алаш тарихына қатысты тың деректер мен соңғы зерттеулер де abai.kz ақпараттық порталының мұрағатында жинақталып жатыр.

Порталдың Аймақтар, Мәдениет, Топ-мақалалар, Сұхбаттар, Спорт т.б. айдарлары да аталған тақырыптардың айналасындағы оқиғаларды, жаңалықтарды уақтында жария етіп тұрады.  Ал, Бас тақырып пен Соңғы мақалалар порталымыздың «қаһарман» айдарына айналды. Бас тақырып айдарының аясында біз елімізге танымал тұлғалармен бірнеше рет интернет-конференция өткізіппіз. Интернет-конференцияға біздің әріптестерімізден бастап қарапайым оқырманға дейін қатысып, ойларын ортаға салды, қоғамға, заманға, ұлттық мәселелерге байланысты тереңнен толғап пікір білдіретін аузы уәлі жандарға сауалдар жолдады.

Қысқасы, біз интернет-конференцияларды ұйымдастыру барысында бүгінгі ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқырман аудиториясының азаматтық белсенділігін оята алдық деп сенеміз. Интернеттегі қазақ тілді сегментті пайдаланушылар Жәнібек пен Керей ханнның мүсіндері «Қазақ елі» монументінен ысрылып қалғанда қатты наразылық танытып, мәселенің аяғын abai.kz ақпараттық порталындағы интернет-акцияға ұластырып жіберді.  Биліктегі аса жауапты лауазым иелеріне жастар Ашық хат жазып, ешкімнен сескенбей аты-жөндерін, электронды адрестерін көрсетіп, қолдарын  қойды. Қазақ жастарының басын қосқан, ортақ мақсатқа біріктірген интернет-акция бұрын соңды дәл осындай ұйымдасқан түрде өте қоймаған сияқты. Өткен жағдайдың өзінде ондай акцияның Алатау мен Арқаның, Алтай мен Атыраудың арасын дәл осылай жаңғыртқаны есімізде қалмапты...

Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты оқырманына айналған жастардың қатарына көп кешікпей ұлт зиялылары; ғалымдар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері келіп қосыла бастады да буынаралық бірлік қалыптасып, интернет-акциялардың  дүбірі молая түсті. Ел ішінде електен өтіп барып қабылдануға тиісті «Қазақстандық ұлт» доктринасын қабылдай қоюға асыққан ептілерді дер кезінде тоқтатуға себеп болған жайттардың бірі дәл осы abai.kz ақпараттық порталында болған жастардың қызу талқылары мен ерекше белсенділігі екенін есті кісілер мойындап, айтып та жүр. Бұқара халықтың ерік-жігерін еркінше билеп төстеп дағдыланған билікке ауыр тиюі мүмкін, әйтседе ғаламтордағы Абай атымен алысу, Абай ақиқатын қоғамнан аластау - бұдан былай билікке қиынға соғары анық.

Біз биліктегі лауазым иелерінің бетімен кетіп, албаты әрекеттерге баруына қоғамдық бақылау жасап отырудың қажеттігін бек ұғындық. Біз қоғамның өзін өзі бақылау құқығына ие еркін ақпарттық құралдың қолымызға тигенін сезіндік. Біз, қазақ журналистері, ішкі бірлігімізді кәсіби біліктілігімізбен жалғастырып, ақпараттық кеңісітігімізге егелік етумен ғана шектелмей, әртүрлі пікірлерді тоғыстырып, билік пен бұқара халық өкілінің тең дәрежеде сұхбаттасуына қолайлы ақпараттық алаң жасай алатынымызды түсіндік. Осыдан бірер жыл бұрын «қазақ тілі интернетке жау, кәсіпке келмейді» деген жаңсақ пікірлерге лайықты жауап бердік!

Осы бір күнделікті арпалыспен жүргенде жаңа Барыс жылы да келіп қалыпты. «Жаңа жылдағы» шырша тойы дәстүрімізде болмаған деп жіп тақсақта,  өткен күндерге салауат айта отырып Жаңа жылдан жақсы үміт күтетініміз бар. Соған орай қарекетімізді де үйлестіріп, жаңа жоспар құрамыз. Жаңа белестерге көтерілгіміз келеді. Бұл барша ойлы адамға тән табиғи дүние.

Порталдың қызметі бәрімізге ортақ болғандықтан төмендегі жоспарымызды жария етпекпіз:

Осы жылы қалыптасқан, халықтың көңілінен шыққан барлық жақсы үрдістер мен бағыттар жаңа жылда да жалғасын табатыны сөзсіз. Барыс жылында Абай.кз порталының іші кеңейіп, шын мәніндегі ақпараттық порталға айналуға бет алады. Бұл мақсатта abai.kz ақпараттық порталының қатары Әдебиет. abai.kz, Тарих. abai.kz, Медиа abai.kz. т.б. арнайы сайттарымен толығады. Порталдың ұжымы осы сайттардың оқырман табуына ерінбей еңбек етуге дайын. Егер аймақтардағы әріптестеріміз қажет деп тапса, қаражаттық қолдау болып жатса, арнайы «Аймақтық» парақшаларды ашуға да дайынбыз.

Статистикаға жүгінсек, бүгінгі күні портал аудиториясының отыз пайызға жуығын елден жырақта жүрген бауырларымыз құрайды екен.  Осы тұрғыда олардың Ата жұртпен қауышуына ақпараттық тұрғыдан жәрдем етіп, елге оралып, қоныстануына септігімізді тигізуді борышымыз санаймыз.

Байқаймыз, жаңа Барыс жылында бізді талай «қызықтар» күтіп отырған сияқты. Сондықтан да порталымызда биліктегі «бабайлардың» талай қызық «давайлары»  «Айтқыш екен...»  айдарынан, Бас тақырыптан, Соңғы мақалалардан орын алары хақ. Жақсыны - жақсы деп, жаманды - жаман деп атай береміз!

Барыс жылы бәрімізге табыс жылы болуы үшін тап бүгіннен бастап дайындық жасау керек деп білеміз. Осыған орай портал ұжымы келесі жылда еліміздің рухани сұранысын кемелдендіріп, ұлтты ұйыстыратын тақырыптар мен айдарлар енгізуге дайындалып жатыр.  Порталымыздың тұрақты оқырманы таныған қаламгерлермен қатар жаңаша ойлайтын  авторлардың да аты жөндері осы Барыс жылында әйгілі болады.

Құрметті достар, портал жанашырлары!

Біздің ұжым 28-желтоқсаннан 10-шы қаңтарға дейін жоғарыдағы талап үдесінен шығу мақсатында қысқа еңбек демалысна кетті.

Бұл аралықта сіздер портал оқырмандары ең үздік деп таныған және ең көп талқыланған мақалалардың жарияланымдарымен таныс боласыздар. Алдағы жылы жазар дүниеміздің мазмұны байып, қатарымыз кеңейе берсін! Біздер оқырманымыздың көңілінен шығуға аянбай еңбек етеміз!

Жаңа жылда жаңа табысқа жете берейік! Абай болайық, абайшыл, алашшыл болайық!

Абайшылдар

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036