Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 4884 0 пікір 11 Қаңтар, 2010 сағат 06:07

Оқулықтағы «одағай» сөз

Жуырда 9-сыныптағы ұлымның сабағын тексеріп отырып, көзім «Билогия» пәнінің оқулығына түспесі бар ма? Әлгі оқулықтың бір бетінің өзіне бірнеше сөз орысшадан аударылмастан басыла салыпты. Содан оқулықтағы «одағай» сөздердің мәселесін оқырмандармен бөліскенім жөн болар деп шештім (суретке қараңыз). Бұған кімді кінәлаймыз? Оқулықтың сапасына  қарауға тиіс министрлікті ме, әлде ақшасын алып, қалтасына басып  алған авторларды ма? Жоқ, әлде басуды ұйымдастыратын «Оқулық» орталығын ба?! Білмедім!...

С.Қасымұлы

Редакциядан: Автор көтеріп отырған мәселе көптен бері біздің де көкейімізде жүр еді. Бұл сорақылық жалпы бала оқытып жатқан ата-ананың бәрін толғандыратын болса керек. Ендеше былай істелік. Сіз өз балаңыздың (ініңіздің, сіңіліңіздің) оқулықтарын ерінбей ақтарып шығып өзіңіз қате деп тапқан сөйлемдер мен оқулықтардың мазмұны туралы пікіріңізді жолдаңыз. Біз пікірлерді топтастырып Білім және ғылым министрлігінің құзырына жіберелік. Көптің сынына байланысты жауап беретін бір адам аталған министрліктен табылып қалатын шығар деген үміттеміз...

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 212
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 207
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 230