Мұхтар ШАХАНОВ. ҰЛТТЫ ЖОЮ ЖОСПАРЫ
...Тамырсыз бірде-бір өсімдік болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегімен, оның рухани құндылықтарымен көрінбейтін тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бірте-бірте біздің сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттік болашақ қалыптастыратыны ешкімге құпия сыр емес.
...«қазақстандық ұлт»... қазақтардың мемлекет құрушы ұлт екенін жоққа шығарып, бүгінгі билік басында қазақ халқы есебінен ұсталып отырған шамамен 90 пайыздық ұлттық көрсеткішті бірден құлдыратып, 5-10 пайызға дейін түсіріп жіберетіндігі күмәнсіз. Жуырда «қазақстандық ұлт» идеясының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарына енгені «Хабар» телеарнасы арқылы хабарланды. Бір сөзбен айтқанда бұл жолмен жүрер болсақ, келешекте қазақ халқы өз Отанында ұлт ретінде мемлекет басқару билігінен айырылады. Себебі, американдықтар сияқты ұлттық мәселе әркімнің жеке отбасылық шаруасы болып қалары хақ. Сондықтан да мұндай утопиялық идеяларға жол беруге болмайды деп білеміз.
Ә.Нұрпейісов, М.Әлімбаев, М.Шаханов, Қ.Мырза-Әли, Б.Төлегенова, А.Айталы, Ә.Байменов, М.Мырзахметов, Е.Хасанғалиев, К.Хан, А.Осман, Т.Медетбек, М.Құлкенов, Қ.Иса, С.Мұхтарбекұлы, Ә.Меңдеке, Е.Бапи, Т.Ахметжан, Ғ.Қабышұлы, Б.Қойшыбаев, Қ.Біләл, К.Сегізбаев, Е.Айғалиұлы, Ж.Мамай...
...Тамырсыз бірде-бір өсімдік болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегімен, оның рухани құндылықтарымен көрінбейтін тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бірте-бірте біздің сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттік болашақ қалыптастыратыны ешкімге құпия сыр емес.
...«қазақстандық ұлт»... қазақтардың мемлекет құрушы ұлт екенін жоққа шығарып, бүгінгі билік басында қазақ халқы есебінен ұсталып отырған шамамен 90 пайыздық ұлттық көрсеткішті бірден құлдыратып, 5-10 пайызға дейін түсіріп жіберетіндігі күмәнсіз. Жуырда «қазақстандық ұлт» идеясының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарына енгені «Хабар» телеарнасы арқылы хабарланды. Бір сөзбен айтқанда бұл жолмен жүрер болсақ, келешекте қазақ халқы өз Отанында ұлт ретінде мемлекет басқару билігінен айырылады. Себебі, американдықтар сияқты ұлттық мәселе әркімнің жеке отбасылық шаруасы болып қалары хақ. Сондықтан да мұндай утопиялық идеяларға жол беруге болмайды деп білеміз.
Ә.Нұрпейісов, М.Әлімбаев, М.Шаханов, Қ.Мырза-Әли, Б.Төлегенова, А.Айталы, Ә.Байменов, М.Мырзахметов, Е.Хасанғалиев, К.Хан, А.Осман, Т.Медетбек, М.Құлкенов, Қ.Иса, С.Мұхтарбекұлы, Ә.Меңдеке, Е.Бапи, Т.Ахметжан, Ғ.Қабышұлы, Б.Қойшыбаев, Қ.Біләл, К.Сегізбаев, Е.Айғалиұлы, Ж.Мамай...
барлығы 73 адам қол қойған.
(«Қазақ тілі - үш тұғырлы тілдің, қазақ ұлты - қазақстандық ұлттың құрбанына айнала ма?..»
«Жалын» журналы, №12, 2007 ж.)
«...мы идем к самоидентификации - быть единым народом Казахстана. Вот, например, американцы состоят из сотни народов и наций, но называются американцами. Никто там не называет друг друга китайцем или корейцем. А твоя национальность - это твое дело... И это правильно. Потому что одна страна должна жить одним народом».
Нұрсұлтан Назарбаев
(«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен ХІ съезінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінен)
«Первый вопрос - что мы понимаем под национальным единством? Это значит быть сообществом сплоченных этнических, религиозных и других социокультурных групп, живущих в нашей стране. Пожалуй, самая многонациональная страна - это США, где сотни этносов, но все они - американцы. Будучи с официальным визитом в Бразилии, я отметил для себя, что и эта страна многонациональна, но все жители - бразильцы... Мы должны идти по этому пути...»
Нұрсұлтан Назарбаев
(Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінен)
...Қоғамда «қазақстандық» деген сөзді «америкалық ұлт» деген ұғыммен шатастыру бар... Ал біреудің ауызекі сандырағын басшылыққа салып, елді шулату дұрыс емес нәрсе. «Мұны қайдан алдыңыз, доктринада бар ма?» деген сауалдың жауабы «жоқ» болды. Біреудің сөзіне сүйеніп, тыңдаушыларды адастырып отыр...
Ғарифолла Есім,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
(«Ешбір елде жоқ бағдарлама».
«Айқын», 3.ХІІ. 2009 ж.)
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының ХҮ сессиясындағы сөзінде осы Аманатқа сүйеніп, жаңа заман талаптарына сай жаңа азаматтық қоғам құрудың басты-басты мәселелеріне тоқталып, ұлт бірлігінің жаңа доктринасын қабылдау қажеттілігіне екпін берді.
Қандайда негізсіз байбалам мезгілсіз де, орынсыз да. Аштық жариялап, азаматтарды тұйыққа шақырғаннан гөрі, салиқалы сөз, саналы пікір айтылғаны қазақтың ұлттық мәртебесін көтерері хақ.
Қуаныш Сұлтанов,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
(«Бірлік - бабалар аманаты».
«Айқын», 3.ХІІ. 2009 ж.)
Идея «казахстанской нации», предложенная Президентом, - это не только альтернатива нынешнему состоянию дел в республике, но единственное предварительное условие перехода к полномасштабной демократии...
Ромин Мадинов
(«Для всех нас наша Родина - Казахстан», 2004 г.)
...партия «Нур Отан» действительно не педалировала «русский вопрос». Но она позиционирует себя как партия всех казахстанцев. Она стремится к формированию казахстанской нации...
Булат Султанов,
директор Казахстанского института стратегических
исследований при Президенте РК
(«Главная привилегия», «Аргументы и факты», №40, 2007 г.)
... «Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау - келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланады. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екенін уақыт көрсетіп берді».
(«Ел бірлігі» доктринасының талқылауға ұсынылған жобасынан)
Қазақстандық» деген кім? Ол қазақ ұлтының төңірегінде біріккен азаматтардың, халықтың аты. Бұл жердегі өзек - қазақ. Біз бұл жерде «қазақстандық ұлт» дегенде бірінші оның атын емес, затын ойлауымыз керек...
Берік Әбдіғалиев,
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры
(«Қазақстандықпыз» дегеннің өзі - қазақыландырудың бір жолы»,
«Алаш айнасы», 11-ақпан 2009 ж.)
«...бұрын да айтып жүрмін. Қазір де қайталап айтайын, мен «қазақстандық ұлт» концепциясын қолдаушылардан емеспін. Менің ойымша, ұлттық саясатта ең әуелі қазақтың бірлігін қалыптастыруды ойлау керек».
Ерлан Қарин,
«Нұр Отан» париясының хатшысы
(«Түркістан», 29.Х.2009 ж.)
...Однако большинство, апеллируя к здравому смыслу, поясняет: ...На государственном уровне мы перестанем делиться по национальному признаку. Это здорово! Уже никто не будет кричать, что он хозяин этой страны, а все остальные квартиранты. Все, кто работает на этой земле, кто ее защищает и любит, будут хозяевами. Замечательная идея, прогрессивная. Гражданин Казахстана - значит казахстанец. Что плохого - быть казахстанцем? Идея сплачивает людей.
Мадия Торебаева
(«Взрывоопасная графа», «Свобода слова», 22 января 2009 г.)
- ...сіз «Қазақстандық ұлт» идеясын қолдайтын болдыңыз ғой?
- Әрине, қолдаймын! Мұның өзі жергілікті ұлт ретінде қазаққа айрықша жүк, жауапкершілік артып тұр ғой.
...Ұлт мүддесін қазір айтпасақ, айрылып қаламыз дегеннің бәрі далбаса! Тіл туралы айғайлағанымызға көп болды, ал содан не өзгерді? Біздікі әншейін көпірме сөз! Одан ештеңе өзгермейді... Ұлтыма деген сүйіспеншілігім болмаса, мен «Біржан сал» киносына барар ма едім. Мен саясаттың адамы емеспін. Жалпы, ұлтқа үлесін қосқысы келсе, әркім өз орнында қоссын. Ақынсың ба - өлең жаз, актерсің бе - ойна, режиссерсің бе - қой, әншісің бе - айт!..
Досқан Жолжақсынов,
Қазақстанның халық әртісі
(«Мені «қол қойды» деп, сыртымнан тізімге енгізіп жіберіпті».
«Айқын» 8.ХІІ.2009 ж.)
...«Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» - қазақ елі үшін қажетті және пайдалы құжат. Өйткені біздің халық тәуелсіздік алғалы бері «бірлік болмай, тірлік болмайтынына» әбден көзі жетті деп ойлаймын...
«Жас Алаш» газетіндегі «Біз күрес жолын таңдадық» деген топтама (01.12.09.) мені қатты тіксіндірді. Онда «Ел бірлігі доктринасын» талқылау емес, қаралау орын алыпты. Ә дегеннен-ақ: «Ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») тұжырымдамасы» деп, жоқ нәрсені бар нәрседей жазып, адамдардың патриоттық сезімін елдің бірлігіне қарсы айдап салыпты...
Алайда тіл мен жерді арандату құралына айналдырушыларға кеудемізді тосу - біздің азаматтық міндетіміз.
Бексұлтан Нұржекеев
(«Ел бірлігіне қарсы шығуға бола ма?»,
«Айқын», 10 желтоқсан, 2009 ж.)
«Қытайға жер сатылады деп өсек таратып жүргендерді жауапқа тартуды құқық қорғау орындарына тапсырамын» деген Нұрсұлтан Назарбаев, нақты кімдер екендігін айтып жатпаса да, көпшілікке есімдері таныс саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін осылай түйреп алды...
«Ел бірлігі доктринасын» талқылаудан туындаған жағдайды Назарбаев былай деп сипаттап өтті: «Бұл талқылауға ұсынылған жоба. Оған ешкім қол қоймай жатып-ақ айқайға басып, аштық жарияламақшы болды». Бұл ретте ол өзінің қарсыластарына үш мәрте қайыра ескерту айтты. Олардың наразылық әрекеттері елдің конституциясы белгілеген шектен асып кетті дей келе, «Заңға сәйкес жауапқа тарту» ісі бастала қоймағанмен де, сондай шараға дайын отырған прокуратурамен қорқытты.
Жасұлан Көжеков
«Азаттық» радиосы,
25.12.2009ж.
Ұлт мүддесі - бұл кезеңде нар көңілдің толғағы,
Ол - ең құнсыз, ең ақырғы байлығымыз қолдағы,
Бірақ басты үмітіміз, сеніміміз алдағы.
Қайырлауға жақын барып қалса да ұлт-кемеміз,
Бізге ұлтсыз күн кешу жоқ, ұлтпен бірге өлеміз.
Тұншықтыра бастаса да намыссыз күш салмағы,
Бізде тіпті мүмкін емес басқа бағыт болмағы!
Өзгертпек боп «қазақ» деген тағдырыңды, атыңды,
«Американдық ұлтқа» жалғап талғам, түйсік, затыңды,
«Ерлеріміз» борға айналып, сыртқы жауға сатылды.
Қандай мықты рухсызданған жеке мүдде құндағы,
Қызметі үшін ұлтын сатқан кейбір қазақ ұлдары
Елестетіп анасына қол көтерген «батылды»,
Өз халқына қойға шапқан қасқырдай боп атылды.
Ұлт оларға доңғалақсыз сынған арба жолдағы.
Міне, осылай, сан ғасырлық ата-баба арманы,
Күш-қауқарсыз мүгедектің бедел-парқын қармады.
«Барлық ұлттан бір ұлт жасау» болып озық жаңалық,
Ұлттық мүдде қыранға ұқсап қалды темір тордағы.
Біздің қазақ өз ТҚЖО* билігінен сорлады.
Құлдық сана жетегінде шегініп ұлт ырқынан,
Тапсырмамен ел мүддесін олай-бұлай жұлқыған,
Ойыса алмай, ауыса алмай пендешілік тұрқынан,
Басшылардың бәтеңкесін мұртыменен шөткелеп,
Жүргендерге біз қашанғы бұртиямыз өкпелеп:
«Жүз «жепутат» арасынан шықпады-ау деп - бір қыран?»
Шыншыл жүрек қызметін биік қоймас ұлтынан.
Желтоқсанда қазақ рухы қызыл қанға боялды,
Боялса да асқақ даңқын күллі әлемге жая алды,
Жая алды да ұлт намысын ең биікке қоя алды...
Жер бетінде жоқ екен-ау тамырсыз бір өсімдік,
Табиғатқа қарсы шығу, ұлтты жою не сұмдық?
Иә, биліктің бұл талабы бола қоймас баянды,
Жиырма жылдай қалғып кеткен ұлт қайтадан оянды.
Басты дәлел: тек басынан шіритіні балықтың,
Болашағы тым санаулы намысы өлген даңқтың.
Тұңғыш рет сатқындықтың бір пайдасын таныппын.
Тапсырмаға кім қолшоқпар, кім ерекше тіл алғыш?
Ұлт мүддесін саудалаған ол «ерлерге» мың алғыс!
Ызасы шу көтермесе, сол сатқындық парықтың,
Оянуы екіталай еді марғау халықтың.
«Қытайға жер қырық тоғыз жылға жалға берілмек»
Деген ойды қалың жұртқа кім жеткізді өрімдеп?
Егер жалға беріле ме, миллион гектар жерің жоқ!
Бірақ, бірақ «Жер сатылмақ!» деген сөзді кім айтты?
Билік осы «өсегімен» прокурорды «мұңайтты».
Біздің елде кім толғанса Отаным деп, жерім деп,
Сол парықсыз, сол алаяқ, сол айқайшыл көрінбек.
Біздер місе тұтсақ тағы қалт-құлт еткен айлықты,
Отыз-қырық жан бөлісті елдегі бар байлықты.
Басшысымақ ұрылардан ел көңілі шайлықты.
О, керемет, олар тағы жемқорлықпен күреспек,
Жемқор - өзі, сонда қалай өз-өзімен тіреспек?
Кәне, мұны өтірік деп айта алады қай мықты?
Бұл көзбояу, бұл сөзбояу мүлде жүрек айнытты.
Билік көп жыл ұлт қайғысын алған емес есепке,
Содан есеп болмай қалды ұлтқа атылған кесекке.
Ешкім мұны дей алмайды бос реніш, бос өкпе.
Жебемейтін, елемейтін намыс мұңын, ар мұңын,
Ұлттық сана-сезімі өлген адамдардың барлығын,
Мейлі, жұртты жұмсай алар қызметі бар десек те,
Теңестірмеу мүмкін бе оны бөрік киген есекке?
Қазақстандық «жемократия» айдынынан бас алған,
Жеке адамға табынуда кім бар бізден аса алған?
Әр бай неге рухсыз мүдде ауқымында қасарған?
Алға тұтып дірілдемей қызмет қамын, бас қамын,
Біз тоқтата аламыз ба ұлтты жою жоспарын?
Бабалардың ерлігінен, сенімінен жасалған,
Қазақ ұлтын қорғап қалу - әр қазаққа бас арман.
*ТҚЖО - «түрі қазақ, жүрегі орыс»