Елбасы жолдауынан не күтесіз?
Осы жұмада, қаңтардың 29-ы күні, Президент Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды. Жыл сайын бір рет болатын дәстүрлі Жолдау биыл «дәстүрден» тыс өтетін сыңайлы. Елбасы Жолдауы әдетте қыс мезгілі аяқталып қалған тұста, үкімет пен әкімқаралардың ішіндегі кейбір ұсақ-түйек ауыс-түйістер біткен соң жария етілетін. Мемлекет басшысының Жолдауы сондықтан да атқарушы биліктің бір жыл көлемінде іске асыруға тиіс жұмыс жоспарын, алдағы міндеттерін айқындап беретін құжат есебінде қабылданады. Дегендей-ақ, өкімет оң қабақ танытып отыратын баспасөз біткенде іле үн қосып, жыл бойы «Елбасы жолдауында айтылғандай» деп, немесе «Жолдауға - қолдау» деп, алаулатып-жалаулатып шыға келетіні бар. Бұл да біздің елдегі айнымас дәстүрдің бір түрі. Еліміздегі БАҚ ұстанған бұл дәстүрдің жуық арада өңі өзгеріп, салты жаңара қоймасы анық.

Әйткенменде, Жолдау неге әдеттегі уақытынан бұрын жария етілмек? Жолдаудың ертерек жария етілуіне Қазақстанның ішкі ахуалындағы қандайда бір саяси оқиғалар түрткі болды ма? Әлде осы реттегі Жолдау Мәсімов үкіметінің ықтимал отставкасын аңғарта ма? Мүмкін. Өйткені Кәрім Қажымқанұлының лауазымы биік жеке қызметі түгел оның отбасына қатысты көптің ашынған үні (естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Қажымқан Мәсімов қаржы дағдарысын сылтау етіп үлескерлердің қалтасын үптеп кеткендердің қатарынан болып шықты) Елбасының құлағына жетпей қалуы күмәнді. Оның сыртында Мәсімов үкіметіне әлемдік қаржы дағдарысындағы Қазақстанда өмір сүру пешенесіне жазылған «Камикадзенің» сыбағалы тағдырын бастан өткеруге тура келді. Күтірлеп белі кеткен экономика саяси күштердің күрт көтеріліп, ұлттық, мемлекеттік мазмұны терең мәселелерді ашық талқылап, пікір сайыс алаңына алып шығуға ықпал туғызды. Атқарушы билікті билеген бұрыңғы-соңғы премьерлердің қоғаммен еркін диалог шеңберінде тілдесіп «премер» көрсеткені шамалы еді. Ал Мәсімовтың командасы тіпті қауқарсыз болып шықты. Мәсімов үкіметі осы күнге дейін өзінің не істеп, нендей маңызды іспен шұғылданып жүргенін бұқараға түсіндіре алған емес. Мәсімовтың өзі де уәдесінде тұра алмайтындығын бір ғана ісімен аймаңдай етті. Ол үкімет басшылығына тағайындалған кезінде мемлекеттік тілде қысылмай сөйлеп кететіндігіне сендірген. Алайда, міне, үш жылдан асты бірер сөздің басын ілдеалдалап қосқаны болмаса, Мәсімовтың қазақша майын тамыза сөйлегенін құлағымыз ести қойған жоқ. Қазақстанда тіл мәселесі дәл осы Мәсімов үкіметінің тұсында «қатынас құралы» деген құрғақ түсініктен тереңде екендігін паш етті. Себебі, Мәсімов сияқты Мемлекеттің тілін білмейтін тұлға мемлекет ісін еш басқара алмайды екен. Ел ісін еңсесі түспей көтеруге тиіс Мәсімовтың әлгіндей әрекетсіздігінің қатарына "Қытайдан алған 13 млрд доллар несиенің өтемі ретінде қазақтың 1 млн га жері қытай дихандарына жалға беріледі екен" деген әңігмеге зиялы қауым мен жастардың толқып басылғанын қосыңыз...
Елбасының Жолдауды ертерек жасауына және бір үлкен себеп: іргетасын билік «бекіткен» «Қазақстан халқы» доктринасына балама ретінде ұлт патриоттары ұсынған Тұжырымдаманың мемлекетті құрушы ұлтқа және осы ұлттың айналасында ұйыған ұлыстарға ұнамды һәм түсінікті болуында жатыр ма деген ойдамыз. Ақ Орданың дәлізін кешіп жүргендер «қиқы-жиқы» деп келемеждейтін ұлтшылдардың «сыйқы» өзгеріп, сауатты, салмақты, сарабдал саясатқа бет бұрғаны соңғы кездері әсіресе анық байқала бастады. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың авторы, халыққа ұтырын тауып ұран тастауда алдына қара салмайтын Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай сәтте, сірәда, уақытты соза түспесе керек-ті.
Елбасымыздың бұл жолғы Жолдауында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайланғанына екпін түсіре сөйлейтінін есепке қоса бергеніміз жөн.
Кедендік Одақтың елімізге пайдалы тұстары да осы жолдауда айтылып өтеріне күмәнсізбіз.
Ең бастысы Елбасы Қазақстан дағдарысты кезеңді артқа тастады деп мәлімдеуі ықтимал. Неге десеңіз, былтырғы Жолдаудың аты «Қазақстан дағдарыстан дамуға» деп аталған болатын. Өткендегі бір жиындарда Кәрім Мәсміов те «Дағдарыстан кейінгі жағдайларға дайындықты бастауымыз керек» дегенді айтып қалды. Алайда біздің елде мұндай ұлы қуанышты хабарды нөмірі бірінші тұлға, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымен әйгі етуі керек! Ал, Мәсімов үкіметі қаржы дағдарысында табанды еңбек етіп, мемлекет ісіне «елеулі үлес қосқаны үшін» марапатталатын болады. Елбасы Жолдауынан тағы не күтеміз? Елбасының биылғы Жолдауында нендей мәселелердің қамтылғанын қалайсыз? Мархамат, ендгі сөз оқырманның құзырында.
«Абай-ақпарат»