Визасы болмаған қазақстандық сегіз туристің Египетте демала алмауына байланысты туроператор өзіне жауапкершілік алмай отыр
Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. «On travel» туристік компаниясының бас директоры Наталья Линник Египетте сегіз қазақстандық туриске байланысты болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті өзіне алмай отыр.
Қазақстандықтар, қолдарында виза болмағандықтан, Каир әуежайының шекарасынан өткізілмей, екі тәуліктей сол жерде ұсталынды. Туристердің қолында визаның орнында туроператордың ілеспе хаты ғана бар болатын.
Н.Линник бұған Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкерлері кінәлі дейді.
«Бұл жерде біздің кінәміз жоқ деп есептеймін. Бұл жағдайда Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкерлері кінәлі», -деп мәлімдеді Н.Линник дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісімен телефон арқылы болған әңгімеде.
Оның айтуынша, «Египеттің Қазақстандағы елшісі қол қойған ресми хаттама бойынша (2009 жылдың қараша айындағы №640 хаттама), қазақстан азаматтары визаны Египеттің елшілігінде немесе осы елге келген бетте алуына болады».
Дәл осы кезде Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы баспасөз-парақшасын таратып, онда әуежай камерасындада болған кезде қазақстандықтарға тамақ берілмегенін, туристік фирма тарапынан да, ҚР Египеттегі консулдығы тарапынан да оларға ешқандай көмек көрсетілмегендігін хабарлады.

Бұдан бөлек, камерада олар ауыр халдегі сырқаттармен бірге антисанитариялық жағдайларда болған. Күзетшілерден нақты ақшаға сатып алған тамақтың өзін олар еденге лақтырып отырған.
Н.Линниктің айтуынша, «On travel» компаниясының египеттік серіктестері ұсталған қазақстандықтармен кездесуге бірнеше мәрте әрекеттенген.
«Бірақ біздің египеттік әріптестерімізді оларға жібермей қойған. Миграциялық полиция тек бір нәрсеге ғана, ланч-пакеттерді беруге рұқсат еткен. Сонымен бірге бізге белгілісі, біздің туристеріміз Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкерлерінен көмек сұраған. Бірақ, елшілік қызметкері оларды босату мәселесімен де, қонақ үйге орналастыру жайымен де, тамақтандыру мәселесімен де айналыспаған», -деп ашу білдірді Н.Линник.
Ол сонымен бірге, қазақстандық туристерді не үшін камераларда ұстағандарын да түсінбейді.
«Келісім бойынша қазақстандық туристер транзиттік аймақта болды, сондықтан олар әуежайдың және Duty free қызметін пайдалануы тиіс еді. Олардың не үшін тұтқында отырғандығын түсіне алар емеспіз. Бұл тек біздің компанияның ғана емес, бүкіл қазақстандық туроператорлардың мәселесі екендігін есепке ала отырып қазір біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз», -деді турфирма басшысы.
Ол, сонымен бірге, қазақстандықтарды депортациялау кезінде миграциялық қызметтер тарапынан да, Қазақстанның Египеттегі елшілігі тарапынан да ресми құжаттардың тиісті дәрежеде рәсімделмегенін айтты.
«Египет тарапы оларды Алматыға емес, Мәскеуге депортациялады. Неге екендігі белгісіз, Қазақстанның елшілігі оларды бірден Алматыға депортациялауға ықпал еткен жоқ. Бізге азаматтарымыздың Ресейден Қазақстанға ұшып келу жолын төлеуімізге тура келді», -деп атап өтті Н.Линник.
Оның айтуынша, Египеттегі қазақстандық сегіз туриске қатысты жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.
Біздің азаматтарымызға қатысты дәл осындай жағдай өткен маусымда да орын алды. Көптеген адамдар Египеттен депортацияланды», -деді ол.
Осыған байланысты ҚР СІМ баспасөз-хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, 2006 жылғы 7 қарашадағы үкіметаралық келісімге сәйкес, Египетке визасыз тек дипломатиялық төлқұжат иелері бара алады. Оның өзінде бұл келісім 2008 жылдың 21 наурызында ғана іс жүзіне асты. Өзге адамдар үшін тек виза арқылы ғана кіруге болады.
«Егер туроператорлар бұл заңды елемей, шекарашылармен өздері келіскен болса – бұл олардың шаруасы. Өздерімен бірге алып жүрген адамдардың жай-күйі мен қауіпсіздігі үшін солар жауап береді. Туристердің бір бөлігіне Египеттің елшілігінде виза рәсімдеген кезде «қалғандарын визасыз апара беріңдер» деп айтпағаны анық. Егер туроператорлар ең басты нәрсені - өздері адамдарды алып бара жатқан елдердің заңын білмейтін болса, онда мұндай турфирмалармен барудың қажеті де жоқ. Әйтпесе, осы жолғыдай, пирамидалар мен фараондардың орнына олар шекара қызметі қызметкерінің терезесі мен әуежай қабырғаларынан өзге ешнәрсе көрмейді. Заңның аты заң», -деп түсіндірді І.Омаров «Мегаполис» газетіне.
Оның айтуынша, «бұл елге саналы түрде заңсыз кірген қазақстандықтарға дипломаттар виза жасап бере алмайды».
«Достас бөтен елдің аумағында болған кезде біз де, туристер де бұл елдің заңдарын құрметтеуге міндеттіміз. Оның үстіне, туристерден ақша алып, келісімге сәйкес олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін өзіне жауапкершілік алған турфирма басшысы бар. Бірақ ол бұлай жасауға болмайтынын біле тұра туристерді визасыз алып келген. Логикаға сәйкес, осының барлығы үшін соның өзі жауап беріп, өз проблемасын шешуі керек. Айтпақшы, бұл бірінші рет болып отырған оқиға емес. Бірақ неге екендігі белгісіз, ол отандық туроператорларға да, туристердің өздеріне де сабақ болар емес», -деп атап өтті СІМ өкілі.