Елімізде шет елдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізілді
Қарашығанақ инвесторларымен Лондонда өткен кездесу жемісті болған түрі бар. Бұл отырыста шетелден әкелінер жұмыс күшіне арнайы квота белгіленген. Бүгін өткен арнайы брифингте облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлыбритания елінде оңды шешілген кейбір шаруалар легімен таныстырды.
Қарашығанақтың келешегін талқыланған келіссөздер Лондонда өткен. Бұл мәмілеге арнайы барып, екіжақты әріптестіктің жай-жапсарын талқылаған облыс әкімі бірқатар келісімдерге қол жеткенін баса айтты. Бүгінде Қарашығанақтың өнімі бүгінде Ресейге құбырмен айдалып, Орынборда өңделген соң елге қайта оралады. Ресейәлік газ деп қате түсіндіріліп жүрген бұл бағыттағы құбырды бір емес, бірнеше мақсатқа пайдалануға болады екен.
Журналистердің жаңа жұмыс орны ашылуы есебінен келімсектер қатары көбейіп кетпей ме деген қобалжулы сауалына әкім орнықты жауап қайтарды. Енді шетелдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізіліп отыр. Осы квота ізімен шеттен жұмысшылар тартылады. Бұл жатжерліктердің келім-кетімін реттеуге мүмкіндік бермек. Өз сөзінде, Әкім өңіріміздегі газ бағасына тоқталды. Жыл сайын 650 млн. текше метр газ тұтынатын облыстағы көгілдір отын құны өзге аймақтардан әжептәуір төмен.

Жиын соңында әкім өңіріміздің түрлі сала көрсеткіштері бойынша өзге аймақтардан көш ілгері екендігін мақтанышпен айтып өтті. Президенттің жас мамандарды аймақтарға жіберіп, тәжірибе жинақтау туралы айтқан тапсырмасы да жерде қалмапты. Осы тапсырма ізімен бірнеше министрліктен бес бірдей жас маман Оралға келеді. Жас мамандардың жайғасар орынтағы да тап-тұйнақтай әзір екен.
http://kaz.newsfactory.kz/27938.html