Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2224 0 пікір 11 Наурыз, 2010 сағат 05:59

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысып сөз сөйледі

Мәжіліс 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Бюджетке енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылаумен байланысты және Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыруға бағытталады. Сонымен бірге 2010 жылға арналған бюджеттің параметрлері әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы үдерістермен Қазақстан экономикасы салаларының 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы дамуы үдерістері негізінде нақтыланған. Нәтижесінде 2010 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің (трансфердттер түсімдерін есепке алмағанда) нақтыланған болжамы 1 трлн. 837,5 млрд. теңге сомасында айқындалып, бұл бекітілген жоспарға қарағанда 103,0 млрд. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджет кірістері ағымдағы жылдан бастап Кеден одағы аумағында қолданылатын бірыңғай кедендік тарифтің енгізілуіне және импорт көлемінің ұлғаюына байланысты 61,3 млрд. теңгеге, негізгі минералдық шикізатқа әлемдік бағаның 20 пайызға ұлғаюы есебінен түсетін түсімдер бойынша 22 млрд. теңгеге ұлғаяды. Сонымен бірге бюджет жобасында әлемдік тауар нарығындағы оң баға серпінін ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасының болжамы барреліне 50-ден 65 долларға дейін ұлғайтылады. Мұндай есептер Қазақстанның басқа да экспорттық ұстанымдары бойынша келтірілген.

2010 жылы экономиканың өсімі 2,2 пайыз деңгейінде болжанады. Ал инфляция деңгейі 6-8 пайыздық дәліз арасында бағаланып отыр. Жалпы алғанда нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес түсімдер 3 трлн. 279,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл қолданыстағы бюджетке қарағанда 189,4 млрд. теңгеге ұлғайған. Шығыстар 4 трлн. 182 млрд. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш түзетілген бюджетке қарағанда 240 млрд. теңгеге артық. Ал бюджет тапшылығы 803,6 млрд. теңгені құрап, жалпы ішкі өнімге шаққанда 4,6 пайызға тең болады.
Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.

Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысып сөз сөйлеп, "әлеуметтік нысандар құрылысының қымбаттауына жол берілмеуі тиіс,"- деді. «Денсаулық сақтау, білім беру және бала бақшаларды салу секілді әлеуметтік нысандардың құрылысы қымбаттамауы керек. Біз әлеуметтік нысандар салуға қатысты түбегейлі өзгерістер жасайтын боламыз. Атап айтқанда, өңірлердегі нақты жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік нысандар құрылысының қымбаттауына жол бермеуі тиіс. Бұл үшін осындай нысандардың барлығын жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру қажет», деді К. Мәсімов.

Сондай-ақ Үкімет биыл «Бірнеше нақты іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол ең алдымен елді индустрияландырумен байланысты. Екіншіден, алдағы 2-3 жылда Үкімет денсаулық сақтау, білім және тіл мәселелеріне байланысты бағдарламаларды дайындауда. «Бұл құжаттарды біз депутаттармен бірлесіп талқылаймыз, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
Отырыста Парламент депутаттарына алғысын білдірген Премьер-Министр: «Сіздердің Үкіметке көрсеткен қолдауларыңыз өте маңызды деп білемін. Сіздер бізді әлемді жайлаған қаржы дағдарысы сияқты күрделі кезеңдерде де демеп отырдыңыздар.
Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы дағдарыстан шығу жолдарын іздестірудеміз және бұл бағыттағы жұмыстардың алғашқы нәтижелері жаман емес. Бұл сіздермен бірлескен еңбектің жемісі», деп атап өтті К. Мәсімов.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417