ЖҰТ КЕЗІНДЕ ЖҰРТ БОЛЫП ЖҰМЫЛАЙЫҚ
Суретте: Тарбағатай ауданы. Қызылкесік ауылынын маңындағы базар көпірі.
Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, таяуда ғана жанашыр азаматтардың басын құрап «Шығысқа көмек» қорын құрған белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысында жүр. Біз Ерлан Бияхметұлымен сапары барысында шұғыл сұхбаттасып үлгердік. Ол республикалық басылымдарға толық жетпей жатқан елдегі ахуал туралы кеңінен баяндап берді.
- Ерлан аға, Тарбағатайдағы елдің жайы қалай болып жатыр? Елмен хабарласа алдыңыздар ма?
- Облыс әкімшілігімен тікелей хабарда отырмыз. Қазір облыс әкімшілігінің кешенді жұмыстарының нәтижесінде бүгін келесі нәтижелер іс-жүзіне асып жатыр. «Ең бірінші міндет - тасқын судың бетін қайтарып, халыққа қалыпты жағдай туғызу. Қазір облысқа 1,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл алғашқы кездегі көмек. Қалпына келтіру жұмыстарына, өтемақыға қосымша қаржы бөлінеді» деп отыр облыс басшысы Бердібек Сапарбаев. Сонымен бірге облыс басшысы шынайы ақпаратты шұғыл жеткізіп, билік тарапынан атқарылып жатқан істерден жұртшылықты хабардар етіп отыру аса қажет дейді. Сонымен қатар, әкім табиғат апатына ұшыраған жандардың ешқайсысы қараусыз, қолдаусыз қалмайтынын да қадап айтты.

Облыс басшысының айтысына қарағанда, жақын арада бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев бастаған комиссия келіп, сол жерде шығын сомасы есептеліп, нақты шешім қабылданатын болады.
Біздің негізгі мақсат - біріншіден, жалпы ұлтты осындай қиын-қыстау кезде бір мақсатқа жұмылдыра отырып, қоғамды ұлттық жауапкершілікке баулу. Сондықтан «Нұр-Отан» паритясының қолдауымен «Шығыс Қазақстанға көмек» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Жетекші топқа Қабдеш Жүмәділов, Мұрат Әуезов, Бекболат Тілеухан, Дидахмет Әшімхандар қосылды. Осы акцияны «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының серіктестіктері түгел қолдап отыр. Еліміздің әр аймағынан жанашыр азаматтар қолдап, қолұшын беруге ұмтылуда. Мысалы, Қарағандыдан ақын Серік Ақсұңқарұлы өзінің жергілікті баспасөз беттерінен мақалалар ұйымдастырып, «Шығысқа көмек» қорына кәсіпкерлерден қаражат түсіруді қолға алыпты. Ақын ағамызға алғысымыз шексіз.
- Тарбағатайдағы ағайынға көмек қолын созамын деушілер үшін арнайы қор құрылады деген едіңіздер. Қор ашылды ма? Жұртшылықтан жиналған қаржы-қаражат, медициналық жәрдем, азық-түлік елге қалай жеткізілетін болады?
- Қор ашылды, қор «Шығысқа көмек» деп аталады. Осы күндерде еліміздегі ақпарат құралдары арқылы қордың мақсаты жөнінде ақпарат жіберіп жатырмыз. Бүгін, жоғарыда айтқандай, «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының басшылығы алғашқылардың бірі болып жәрдем жасайтындарын мәлімдеді. Жақын арада қанша қаражат түсті, оны қай жерге жіберетініміз жөнінде ресми түрде айтамыз
- Мал шығыны туралы естіп жатырмыз? Ауыл тұрғындарын көшіру жұмыстары қалай жүргізілуде?
- Ең негізгі ауырлық Тарбағатай ауданына түсіп отыр. Ол жерде ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, 6 елді мекенді су алып кетті. Тасқын салдарынан 650 үй, 748 қора-жай, 50 мал қыстағы су астында қалды. 423 тұрғын үй, 465 қора-жай, 24 мал қыстағы бүлініп, құлады. Су тасқыны салдарынан 1800 ірі қара, 9200 қой мен ешкі, 513 жылқы өлді. Әсіресе Көкжыра, Жәнтікей, Көктүбек, Қызылкесік, Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындары су тасқынынан көп зардап шекті.
Үйлерін тасқын су алған елді мекендердің 3927 тұрғыны аудан орталығы Ақсуат ауылындағы және Сәтбаев, Тана мырза, Қарғыба, Қарасу ауылдарындағы мектептерге, аудан орталығындағы «Балдырған» балалар бақшасына, №2 Ақсуат орта мектебі жанындағы интернат пен бірқатар мемлекеттік мекемелерге орналастырылды.
Қызылкесік ауылдық округіне қарасты Аягөз қаласымен жалғастыратын Боғас өзеніндегі көпірді су алып кетсе, Құмкөл ауылдық округіндегі Қарғыба өзені үстіндегі көпір бүлінді. Осы көпір арқылы автокөлік қозғалысына тыйым салынды.
Облыс әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков басқаратын штаб кешенді шараларды жүзеге асыруда. Шұғыл әрекет жасау үшін тәулік бойы аудандағы барлық елді мекендерде тиісті жедел топтар жұмыс істейді.
Бүгінгі күні аудан бойынша құтқару жұмыстарына 1258 адам тартылып, 295 әр түрлі техникалар жұмылдырылды.
Тарбағатайлықтардың басына іс түскен осы ауыр кезеңде алыстағы ағайындардан да көмектер келіп жетті.
Бүгінгі күні Қостанай, Көкшетау, Екібастұз, Қарағанды қалаларынан келген жиыны 155 құтқарушы мен 37 техника аудан тұрғындарын құтқару жұмыстарына кірісіп те кетті.
- «Шығысқа көмек» акциясының үйлестірушісі ретінде азаматтық қоғамның белсенділігін қалай бағалар едіңіз?
- Өте жоғары бағалаймын. Азаматтар өздерінің азаматтық позициясын айқын көрсетіп отыр. Мысалы, Алматыда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы су апатынан зардап шеккен халыққа көмек беру мақсатында «Бөртастаған-Ақсуат» қоғамдық қоры құрылды. Қор төрағалығына елден шыққан азамат Ердәулет Нұрсапин сайланды. Негізгі қорды құруға ат салысып жатқан жанашырлардың арасында Сайраш Әбішқызы, Болат Нұғманов, Қалтай Батхолдин, Талап Рахманов, Дархан Бітімшинов және Тұрсын Тастекеевтер бар.
Қорға жиналған алғашқы қаражатпен 28-наурыз күні Талап Рахманов және Қайрат Бокишев атты азаматтар алғашқы көмекті жөнелтуге аттанады. Бұл азаматтар аудандық әкімшілікпен тығыз байланыста, халыққа ең қажетті деген күнделікті қажетті тауарлар тізімі алынды. Қайрат Омарбаев деген азаматтың бастауымен алғашқы 2 КамАЗ 26-наурыз күні Тарбағатай ауданының Көкжыра аулына жөнелтілді.
Семейде «Нұр-Отан» партиясы филиалының жанынан штаб құрылып, оның төрағалығына Нәдірбек Әбсәләмов сайланды. Белсенділердің қатарында белгілі қоғам қайраткері Ерлан Сыдықов Бақытбек Мәзібаев, Нәсен Сембаев, Мұрат Керімбаев сияқты азаматтар белсенділік танытып 10 КАМАЗ жүк жіберіп үлгерді.
Астанада «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының басқарушы директоры Дархан Қалетаев, «Ақсуатты қолдау» қорының төрағасы Мұхтарбек Әмірханов, Ерсін Жүнісов, Тілеген Әбіш, Берік Уәли тәрізді азаматтар іске бел шеше кірісіп кетті. Олар да Астанадан 20 тонна ұн, 8 тонна макарон, 1 миллион 76 мыңның дәрі-дәрмегі тиелген бірнеше КамАЗ жіберді.
Жұт кезінде жұмылып, осындай апаттың ауыртпалығын ел болып көтеріп алу үшін, бір жеңннен қол, бір жағадан бас шығарып, біртұтас ұлт екенімізді көрсетуіміз керек деп білемін.
«Абай-ақпарат»