Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2763 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:52

ҚР премьері иорданиялық әріптесімен қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау мәселесін талқылады

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Амман қаласында ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Иордания Хашимит Корольдігінің Премьер-Министрі Самир әл-Рифаимен дүйсенбі күні кездесіп, қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін, оныі ішінде астық экспорттау мәселесін талқылады.

«Кездесу кезінде Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, саласында, атап айтқанда астықты экспорттау және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Иорданияға тасымалдау, сондай-ақ денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қаралды», - деп көрсетілген премьердің баспасөз қызметі таратқан хабарда айтылғандай.

Самир әл-Рифаи Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.  «Иордания Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге зор маңыз береді. Біз қазақстандық кәсіпкерлерге Иорданияға өз қаржысын салуды ұсынғымыз келеді», - деп атап өтті Самир әл-Рифаи.

«Біздің елдеріміз арасындағы қатынастарға көшбасшылар Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғары мәртебелі Король Абдалла ІІ арасындағы жылы шырайлы және достық рәуіштегі өзара түсіністік негіз қалап отыр. Бізде екіжақты қатынастарды, соның ішінде Қазақстан мен Иордания инвестицияларын ынталандыруға мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Осы жүздесу ауқымында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.

Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сондай-ақ Иордания королі Абдалла ІІ-мен кездесті. Сұхбаттасушылар өткен екіжақты келіссөздердің қорытындыларын шығарды. Кездесудің соңында тараптар қазақстан-иордан үкіметаралық комиссиясы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруда және ойдағыдай дамытуда маңызды рөл атқаруы тиіс деп атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385