Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2863 0 пікір 6 Сәуір, 2010 сағат 05:14

Қазақ журналистерінің І халықаралық форумы туралы

Құрметті әріптестер!

2010 жылғы 17-18 мамыр аралығында, Алматы қаласында, Қазақ журналистерінің І халықаралық форумын өткізу жоспарланып отыр. Форум тәуелсіздік жылдарындағы қазақ журналистерінің алғашқы келелі бас қосуына айналмақ.

Қазақ баспасөз өкілдерінің I халықаралық форумын өткізудегі басты діттегеніміз - өткенді таразылау, болашақты бағдарлау, мақсаты мен мұраты бір қазақ журналистерінің арасында ой, көзқарас, мүдде бірлігін қалыптастыруға үлес қосу.

Тұңғыш ұйымдастырылып отырған Қазақ журналистерінің I халықаралық форумы - бұл қордаланған сан сауалдың жауабын іздестіретін алаң ғана емес, алынған асулар мен шықпаған биіктерді салиқалы ой сүзгісінен өткізетін,  ұлт келешегіне темірқазық болар бір ұстанымға келетін мүмкіндік.

2010 жылғы 25 наурызда Қазақ журналистерінің І халықаралық форумын өткізу жөніндегі бастамашы топтың жиылысы өтіп,  ұйымдастыру комитеті мен жұмыс тобы құрылды. Ұйымдастыру комитеті 27 адамнан тұрады және оның құрамына барлық республикалық телерадио мен баспасөз құралдарының басшылары енгізілді.

Осыған орай республикалық, аймақтық барлық ақпарат құралдарын Қазақ журналистерінің І халықаралық Форумын өткізуге ат салысуға шақырамыз. Ол үшін 2010 жылғы 30 сәуірге дейін abai.kz сайтына өз ұсыныс-пікірлеріңізді жіберуді сұраймыз. Кез келген ұсыныс-пікір ескерусіз қалмайды.

Ортақ мақсат жолындағы игі бастамаға қолдаушы, қатысушы болуға асығыңыз, ағайын!

Қазақ журналистерінің форумы туралы қосымша мәлімет алғыңыз келсе, ұйымдастыру алқасының мүшелеріне хабарласыңыз.
Айдос Сарым, 8 701 999 8222, asarimov@mail.ru;
Талғат Ешенұлы, 8 701 161 6162, tek17@mail.ru;
Дәурен Қуат, 8 701 513 4188, dauren-kuat@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383