Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3176 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 04:48

Айыр қалпақты ағайын қайта ашынды

Қырғыз оппозициясы қайта "қырсықты". Ақаевты аттан құлатқан, Бакиевті билікке әкелген ықпалды топтардың арасындағы тартыс тағы өршіп, елдегі дүрбелең Талас облысының басшылығына таластан басталды. Оппозиция өкілдері облысқа басшылыққа балама адамды тағайындағандарын мәлімдеп, милицияны ығыстырып ғимаратты басып алды. Жағдайды бақылауда ұстау үшін Бішкектен Таласқа арнайы жасақ ұшып барып, ғимарат қайтадан үкімет өкілдерінің қолына көшті. Қаладағы жағдайды өз бақылауына алған құқық қорғаушылар енді оппозицияны жауапқа тартып жатыр. «Ата Мекен» партиясының басшысы Өмірбек Текебаев АҚШ пен Ресей елшілігінен көмек сұрады. Бүгін өтуі тиіс құрылтайға тиым салынды. "Таластағы бейберекетсіздікке ұйытқы болғандар қатаң жазаланады", - дейді премьер-министр Данияр Үсенов.
Кеше Мәскеуден ұшып келген «Акшумкар» партиясының жетекшісі Темір Сариев әужейда тұтқынға алынды. Оған дейін «Ата Мекен» партиясының басшысы Өмірбек Текебаев, Социал-демократиялық партиясының жетекшілері Иса Өмірқұлов пен Эмил Қаптағаевтар қамалған болатын. Ал осы түнде оппозициялық халықтық қозғалыстың жетекшісі Алмазбек Атамбаев та Бішкектегі өзі үйінде тұтқындалды.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2046
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4903
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4106