Янукович ресми сапармен Қазақстанға келді
Киев. 7 сәуір. ҚазТАГ – Украина президенті Виктор Янукович бір күндік ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлады украина президентінің баспасөз қызметі сәрсенбі күні.
Астана әуежайында оны ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қарсы алды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Сапар мақсаты – Украина мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа тың серпініс беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Сапар аясында В. Януковичтің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екеуара және кеңейтілген құрамда кездесуі жоспарланған.
Кездесу барысында энергетка, көлік, ажроғарыш, машинажасау саласындағы мәселелер талқыланбақшы.
Келіссөздердің жеке тақырыбы ғаламдық және аймақтық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдардағы өзара іс-әрекет, атап айтқанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2010 жылғы төрағалығы кезеңіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланады.

Украинаның ресми делегациясының құрамына Украина президентінің әкімшілігінің жетекшісі Сергей Левочкин, сыртқы істер министрі Константин Грищенко, отын эәне энергетика министрі Юрий Бойко, көлік және байланыс министрі Константин Ефименко, өнеркәсіп саясатының министрі Дмитрий Колесников, агарлық саясат министрі Николай Присяжнюк, ұлттық ғарыш агенттігінің бас директоры Юрий Алексеев бар.