Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2776 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 06:45

Жастар шеруіне қарттар шықты....

«Рух пен Тіл» клубы, «Еркін ғаламтор үшін» қозғалысы және бірқатар жастар қоғамдық ұйымдарының 11 cәуірде «Біз өзгерісті қалаймыз» деген атпен, жастардың тұңғыш бейбіт шеруін өткіземіз деп екі айдан бері жарты әлемге жар салып, жамағатқа жиналыңдар деп ұран тастап жүргені мәлім еді. Енді қайтсін, осы кезге дейін жоғарыға жолдаған хат-үндеуі, талап-тілектеріне «мәу» деп назар аударған адам болмады. Ал, Алматыдағы Астана алаңына жинала қаламыз деген жастарға қала әкімдігі рұқсат бере қоймады.  Бұған да көнбейтін сыңай танытқан жастар өткен жұмада Алматы қаласы әкімшілігінде бірқатар лауазым иелерімен жүздесіп, келіссөз үстеліне отырған болатын. Осынау митингті ұйымдастырудың басы-қасында жүрген белсенділер билікпен келісімге келгенін жария еткенде, Ала-тоо алаңында айырқалпақты ағайынның адам шығынына жеткізген көтеріліс лебі бізге де жеткен-ді. Түп іргеміздегі төңкеріс қаупінен етек-жеңін тез жиған атқамінерлер Алматы қаласы әкімшілігінің жанында жастар мәселелерін қарайтын тұрақты диалог алаңына құруға келісті. Бұл диалог алаңы айына бір рет жастар мәселелерінің жігін таратумен айналысатын болады.

Содан не керек, сырғып 11 сәуір де келді. Таңертең ел ескі алаң атап кеткен Астана алаңында полицияның қараң-құраңы көбейіп, жандысы мен жансызы қосылып, біраз адамды құрады. Сөйтіп жатқанда, сіркіреп тұрған жауыннан «Балалар әлемі» дүкенінің жанынан паналап тұрған 30-40 адам алаңның бір бұрышына жиналды. Оларды, әрине полиция «ыстық құшағына» алды. Қоршауда тұрған жұрттың көбі шал-шауқан. Сөз ләмдеріне қарағанда, бейбіт шеруге шыққан жастар арандап қалмас үшін ақылдарын айтып, қолдау көрсетпекке келген. Соның арасында Ермек Нарымбаев деген қоғамдық белсендіні және бірнеше азаматты полиция арнаулы автобусқа тиеп алып, Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жөнелді. Жастар шеруінің өтпей қалу себебін Жанболат Мамайдың өзі келіп, түсіндірсін деп тұрған жұртты қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен Жанболат Мамайдың өкіліміз деген бірнеше жігіт мән-жайды айтып түсіндіріп, ауыз жиғанша «Ойбай, төрт адамды алып кетті» деп, жұрт шу ете қалды. Сонымен, екі сағаттай өзара сөйлескен жұрт пен полиция келісімге келіп, ұсталғандар босатылып, жаңбырлы күннен жаураған жұрт үйлеріне тарқасты.

«Абай - ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108