Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2225 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 07:13

Премьер Қырғызстандағы оқиғаларға байланысты шекараны нығайту шараларын жеделдетуді тапсырды

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстандағы оқиғаларға байланысты қазақстан-қырғызстан шекарасын нығайту шараларын жеделдетуді тапсырды.

Премьер өзінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке осындай тапсырма берді.

«Өмірзақ Естайұлы, сізге Жамбыл облысын аралау керек шығар. Осы оқиғаларға дейін қолға алған шекараны нығайту шараларын жеделдету қажет», - деді К. Мәсімов дүйсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қазіргі уақытта қазақстан-қырғызстан шекарасындағы жағдай тұрақты екенін баяндады.

«Шекарадағы жағдай жақсы. Ешқандай проблема жоқ», - деді ол премьер-министрдің сұрағына жауап бергенде.

Оның айтуынша, шекара қызметі мен облыстық ІІД күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «Сұрыптау қосындары пионер лагерьлері мен басқа жерлерде ұйымдастырылды. Бірақ мұның қажеті әзірге туындаған жоқ», - деді әкім.

«Біз көрші республикадағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз», - деп атап көрсетті облыс басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485