Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2093 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 07:17

Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысын 2011 жылдың ақпан айында бастау жоспарланып отыр – мұнай министрлігі

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысын 2011 жылдың ақпан айында бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов.

«Шілдеде негізгі кешен бойынша жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеу басталады, желтоқсанда сараптама (ЖСҚ - ҚазТАГ) жүргізу аяқталады деп отырмыз. Ал келесі жылдың ақпан айында негізгі кешеннің құрылысы басталады», - деді ол дүйсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте.

Вице-министрдің айтуынша, газ-химия кешенінің инфрақұрылым нысандарының құрылысына 2010 жылдың шілдесінде кірісу жоспарланған. «Жоба бойынша қаржыландыру мәселесі шешімін тапқан. Біз жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асырамыз», - деп толықтырды өз сөзін Ә. Мағауов.

Аталған жобаның құрылыс мерзімдері бірнеше рет өзгертілгені белгілі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114