Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2735 0 пікір 13 Сәуір, 2010 сағат 04:50

«Қазсат-2» жер серігі ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылатын болды

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазсат-2» жер серігін қазақстандықтар ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстанның ғарышты игеру дәуірі: қазіргі жағдайы, стратегия, инновациялар» атты тақырыпта өткен конференция барысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, «Қазсат-1» аппаратының істен шығуының көптеген себептері бар. Олардың ең бастысы жер серігіне тапсырыс берушілердің өздері кәсіби мамандар емес болып шықты. Олар ұлттық инновациялық қор қызметкерлерінің өкілдері. Ең өкініштісі, олар жер серігін бұрын -соңды мүлдем жасап көрмегендерге тапсырыс берген. «Соған қарамастан, агенттік өкілдері жағдай осылай болды екен деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Біз осыған дейінгі қателіктердің қайтадан орын алмауы үшін қолдан келгеннің барлығын қарастырып отырмыз», деді агенттік төрағасы.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524