Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1987 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 05:17

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Кедендік одақ аясындағы әрбір келісім бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды

Ол бұл ұсынысын Астанада өткен «Кеден одағы: мүмкіндіктірі мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде білдірді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Кедендік одақ аясындағы әрбір келісім бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды. Ол бұл ұсынысын сәуірдің 13-і күні Астанада өткен «Кеден одағы: мүмкіндіктірі мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде білдірді.
Оның айтуынша, жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерінен бөлек, депутаттарды және ғалымдарды қосу қажет. Бұл ретте Кедендік одақ аясындағы әрбір келісім бойынша қатысушы барлық елдер қандай да бір ымыраға келулері тиіс. «Мәселен, теміржол тарифі бойынша. Бұл әрине принципті мәселе, алайда біздер тіпті Президенттің қатысуында да кейбір тұстарда принциптен бас тартуға тура келетінін айтамыз», деді ол.
Ө. Шөкеевтің пікірінше, Кедендік одақ аясында Қазақстанда да, Ресейде де, Беларуста да тарифтерде ешқандай айырмашылық болмауы тиіс. «Бұлар іргелі мәселелер, сондықтан да әрбір келісім бойынша жұмыс тобын құрып, оның құрамына депутаттар мен ғалымдарды кіргізіп, талқылау қажет. Біз талқылауға мүдделіміз. Бұл соншалықты күрделі әрі терең іс болғандықтан, бір жерлерде келеңсіздік жіберіп алу ықтималдығы жоғары», деді ол.

ҚазАқпарат

http://kz.government.kz/site/news/2010/04/75

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520