Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2209 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:33

Грозныйдағы лицейге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Грозныйдағы лицейге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлады Шешен Үкіметінің және президентінің баспасөз қызметі.

«Грозның қаласының №1-ші лицейіне Шешен Республикасының президенті Рамазан Қадыровтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы мен Шешен Республикасының халықтары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқан саяси қайраткер - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді», - делінген ШР президенті мен үкіметінің ресми сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.

Лицейдің есімін өзгерту рәсіміне ШР президенті Рамазан Қадыров пен Ресей Федерациясындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Қазақстандағы «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының өкілдері мен басқалар қатысты.

Құттықтау сөзінде Р. Қадыров лицей Ресей мен Қазақстан арасындағы достықтың, тығыз ынтымақтастықтың тағы бір символы болып табылады деп атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев шешен республикасына алғашқылардың бірі болып қол ұшын берді. Қазақстанмен туыстық қарым-қатынасты нығайтуға Шешен Республиасының бірінші президенті Ахмет-Хаджы Қадыров аманат еткен. Ол Қазақстан шешендер үшін екінші отаны деп айтқан. Және ол шынымен де солай. Біз жер аударылған кездері қазақ халқы шешендердің сталиндік қуғын-сүргіннен аман қалуына көмектескенін есте сақтаймыз», - деді Р. Қадыров. 

Р. Қадыров лицей Шешен Республикасында ең ертеден келе жатқан танымал оқу орталығы екенін атап өтті.  

«Лицейге сыйлық ретінде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «FORD» шағын автобусы, кітапхана, сондай-ақ компьтерлік класс үшін интерактивті тақта сыйланды... Осы лицейдің атын өзгертуге орай мектеп фойесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеуде мүсіні орнатылды», - делінеді хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529