Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2112 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:35

Қазақстан президенті АҚШ-қа сапарын аяқтап, Астанаға оралды

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарын аяқтап, Астанаға оралды.

Бұрын хабарланғандай, Н. Назарбаев сәуірдің 11-13 аралығында Вашингтонда жұмыс сапарымен болды. Ол ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің жұмысына қатысып, «Ядролық лаңкестік қаупін төмендету мен ядродық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұлттық шаралар» тақырыбындағы пікірталаста сөз сөйледі.  

Форум қарсаңында Қазақстан мен АҚШ президенттерінің екіжақты кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы ағымдағы жылдың қараша айында Астанада өткізу көзделіп отырған ЕҚЫҰ саммитіне қатысуға шақырды.

Сондай-ақ елбасы Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке қатысушы бірқатар елдердің жетекшілерімен, саяси, қоғамдық қайраткерлермен және АҚШ-тың ірі компания басшыларымен кездесті.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124