Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 04:44

Бәкиев уақытша үкіметті заңдастыру туралы құжаттарға қол қойып, елден кетуге дайын – дереккөз

Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанның биліктен аластатылған президенті Құрманбек Бәкиев уақытша үкіметті заңдастыру туралы барлық құжаттарға қол қойып, елден кетуге дайын. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне сұхбат берген Қ, Бәкиев жақтастарының бірі мәлім етті.

Оның айтуынша, таңғы сағат 9-дар шамасында Қ. Бәкиев Ош қаласының жұртшылығымен кездесуге аттанды, ондағы орталық алаңға он мыңға тарта адам жиналған.

«Сағат 14-ке дейін созылады делініп отырған кездесуден кейін Құрманбек Бәкиев оппозиция өкілдерімен келіссөздер жүргізеді, келіссөздерде оның өз еркімен биліктен кету мәселесі шешілуге тиіс. Сонымен қатар, оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне қатысты шарттар да келісіледі. Осыдан кейін ол бірден шетелге аттанады», - деп мәлім етті ол телефон арқылы әңгіме барысында.

ҚазТАГ тілшісінің «Бәкиев қай елге аттанады?» деген сұрағына президенттің жақтасы «бұл аса құпия ақпарат» екенін жеткізді.

Ол сәрсенбі күні Қ. Бәкиев БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Ян Кубишпен телефон арқылы әңгімелескенін еске салды. «Уақытша үкіметпен келіссөздердің шарттары талқыланды», - деді ол.

Оның мәліметтеріне сәйкес, Бәкиев қазақстандық шекарашылар оның ұлы - Марат Бәкиевті қамауға алғаны және өз үйіне шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Ешқандай шабуыл болған жоқ. Олай болса, азаматтық соғыс басталатын еді», - деді Қ. Бәкиевтің жақтасы.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрманбек Бәкиевпен байланысқа шықпаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529