Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2126 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 17:18

Бакиев өзін Назарбаев Қазақстанға шақырды дейді

Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Биліктен аластатылған Құрманбаек Бакиев өзіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон шалып, Қазақстанға шақырды дейді.

Бұл туралы ол бейсенбі күні Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Тейит Ырыс Токмоту селосындағы өзінің үйінің ауласындағы брифингте мәлім етті.

«Қазір менің келешектегі мекенім туралы Ресей, Қазақстан және тіпті АҚШ талқылап жатыр. Маған қазір ғана Нұрсұлтан Әбішұлы телефон шалып, Қазақстанға шақырды», - деп мәлімдеді ол.

Қ. Бакиев оған уақытша үкіметтің өкілдері келгенін, және Қырғызстанның жаңа билігімен келіссөздер басталғанын растады.

«Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде, менің уақытша үкіметпен келіссөздерімде бейтарап жақ ретінде қатысты»,  деді Қ. Бакиев.

Оның айтуынша, оған Беларусия президенті Александр Лукашенко да телефон шалып, өз елінен саяси баспана беруге әзір екендігін білдірген.

«Мен ешқандай елден саяси баспана сұрамаймын. Бірақ, Қырғызстанда қалыптасқан барлық жағдайды ескере отырып, басқа мемлекеттердің басшылары тарапынан болатын кез келген ұсыныстарды қарауға дайынмын», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140