СЕРІК ҚАРАБАС. Туымызды турап тұғырын талқандап жатыр...
Айтпасқа амал қалмайтын айуандықты шықпағыр көзiмiз көрiп шырылдап отырмыз. Өскемендегi Красин кентiнiң дәл iргесiндегi "Қазақстан" деген жазуы бар Ботпай тауының басына орнатылған көк байрағымызды қаскөйлер тұғырымен қоса талқандап кеттi (суреттерде).
Бәлкiм бiреулер мұны бос байбаламға балар, яки, сенсация қуған селтеңбайдың iсiне жатқызар, бiрақ шынтуайтына келсек олай емес. Өйткенi, бұл туды бұған дейiн де бәзбiреулер бiрнеше рет қидалап, тұғырынан тайдырғаны есiмiзде. Өз жерiнде өгейлiк көрiп отырған ұлтымыздың өшуге шақ қалған рухын қайта қоздатып, кеудесiне ұшқын салған Ботпайдағы байрақтың желбiреуi кiмдердiң «жанына батты екен» деген сауалға бiз түгiлi қылмыскерлердiң iзiне түскен полицайлардың өзi жауап таба алмаған. Ендi мiне, «қолыңнан келсе кесiп ал» деген кiсiше туды турап бітрген соң тұғырға түсiптi пәтшағарлар. Бала-шағаның iсiне ұқсаймайды, қасақана жасалған қастандық екенi көрiнiп тұр. Бұлай деуiмнiң де өз себебi бар.

Осыдан тұп-тура бiр жарым жыл бұрын Өскеменде қаны қазақтың қабырғасына қатты батқан және бiр қаскүнемдiк әрекет орын алған-ды. Ұлтымыздан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтiң 100 жылдық мерейтойына орай қаладағы Аблакетка ықшам ауданында орнатылған еңселi ескерткiш тақтаны Ермакты аңсап еліргендер бiр емес екi мәрте қиратып кеткен еді. Неге дейсiз ғой, аталған ықшам аудандағы Ермактың атымен аталып келген көшеге 2007 жылы 16-сәуiрде қалалық мәслихаттың құптауымен Малдыбаев есiмi берiлген. Артынан тақта қойылды. Осы игiлiктi iстi көрiп iштерi өртенген қайсыбiр қаскөйлер қастерлеп орнатқан мемориалдың бетiн быт-шыт қылды (суретте).
- Қуанышқа бөленген бiздер - ұшқыштың ұрпақтары, сол кезде ақылдасып, тура бiр жылдан кейiн 15-мамырда Ж. Малдыбаев көшесiнiң басталар тұсындағы ең көрнектi жерге ескерткiш ашып, қатым түсiрiп, ас бердiк. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Бiр жұмадан соң әлдебiр қаскүнемдер ескерткiштегi ұшқыштың суретi салынған мрамор тақтайшаны талқандап кеттi. Ол жолы оған терең мән бергенімiз жоқ, "бұзақылардың iсiне" сайып, қалалық iшкi iстер басқармасына арыз түсiрiп, қала әкiмiне өтiнiшiмiздi айттық. Обалы не керек, қаланың бұрынғы әкiмi Шәкәрiм Бұқтұғұтов өзiнiң тiкелей бақылауымен мемориалдық тақтаны тез арада қалпына келтiрiп бердi. Ал қала полицейлерi қаскүнемдерді «iздестiрiп жатырмыз» деген едi, әлi де сол iздеу үстiнде болар...
Ал, ендi жуықта болған сұмдық бүкiл адамгершiлiк шегiнен асып кеткендiктен, ақпарат құралдарының барлығына дабыл қағуымызға мәжбүр етiп отыр. Өйткенi бұл жай ғана бұзақының қылғы емес, бұл - ұлттар арасына iрiткi салып, алауыздық отын жағуға тырысушылардың қылығы,- деп қынжылыс бiлдiрiптi ұшқыштың iнiсi Болат Малдыбаев ағамыз 2008 жылдың 13- қыркүйегiнде шыққан облыстық "Дидар" газетiнде.
Қалай дегенмен де қарап отыруға болмас. Вандалдық қарекетiмен ұлт арасына сына қағушылар мiндеттi түрде анықталып, тиiстi жазасын тартуы керек. Туымызды турап, тақтаны талқандаушыларды дер кезiнде тоқтатпаса күнi ертең төбемiздi төрт жерiнен тескен кезде бәрi кеш болады.
Өскемен қаласы
Суреттерде:
Ту жайқалған Ботпай тауы - осы.
Әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтың есімі жазылған тақтайша осылайша талқан болды.
Ботпай таудың басы тусыз тұр.