Қарағандының «Сарыарқа» командасы алғаш рет хоккейден ел чемпионы атанды
Қарағанды. 19 сәуір. ҚазТАГ - Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасы алғаш рет хоккейден республика чемпионы атанды.
Сарыарқа (Қарағанды) мен «Бейбарыс» (Атырау) командаларының арасындағы матч 17 сәуірде Қарағандыда өтті, ойын қарағандылықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. «Сарыарқа» жас командасы алғаш рет республика чемпионы мәртебесіне қол жеткізді.
Матчтан кейін марапаттау рәсімі өтті. Наградаларды Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының бас директоры Юрий Зверев пен Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов табыс етті. Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары да аталып өтілді. Үздік қорғаушы - Евгений Антонов («Бейбарыс»), үздік шабуылдаушы - Михаил Паньшин («Бейбарыс»), үздік қақпашы - Алексей Иванов («Сарыарқа»), ең құнды ойыншы - Эльдар Нажмутдинов («Сарыарқа»), Плей-оффтың ең құнды ойыншысы - Олег Еремеев («Сарыарқа»).