Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2352 0 пікір 19 Сәуір, 2010 сағат 16:16

Халықаралық сот Әблязовты экстрадициялау туралы Қазақстанның өтінішін қанағаттандырмады

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Страсбургтегі халықаралық сот ҚР бас прокуратурасының «БТА Банк» АҚ-ның қаржысын жымқыру туралы аты шулы іс бойынша тергеуге алынған аталған банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты және тағы алты адамды экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ, деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне құқық қорғау органдарына жақын дереккөз.

Ақпаратқа қанық дереккөздің айтуынша, «қазақстандық Фемида күдікті тұлғаларға қатысты объективті емес сот тергеуін жүргізгендіктен», оларды экстрадициялаудан бас тартылған.

Еске сала кетейік, ҚР бас прокуратурасы «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа, банктің басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, несие комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетовқа, басқарманың экс-төрағасы Роман Солодченкоға, корпоративті бизнес басқармасының бұрынғы төрағасы Вероника Ефимоваға және банк қызметкерлері Болат Кәрімовқа және Жанна Ахмедьяроваға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Олардың бәрі ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құрып, басқарды деп айыпталып, интерпол желісі бойынша оларға мемлекетаралық іздеу жарияланған. М. Әблязовтың өзі бас прокуратураның айыптауларын «ойдан шығарылған» деп есептейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441