Батыс Тянь-Шанның құжаты дайын, қазақ жағы грант тартуға өтінім жолдады енді қырғыз жағын күтейік...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Батыс Тянь-Шанның биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі құжаттың дайын екендігі, сондай-ақ грантты тартуға өтінім жөнінде арнайы хат жолдады.
Ал 2005 жылғы желтоқсанда Батыс Тянь-Шанның биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі Орталық Азия трансшекаралық жобасын іске асыру аяқталған болатын. Ол 2000 жылғы мамыр айынан бері жүзеге асырылып келді.
Жобаны іске асыруға 3 мемлекет Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан қатысып отыр. Сондай-ақ осы елдердің Үкіметтері Ғаламдық экологиялық қордан 10,15 млн АҚШ доллары мөлшерінде грант алды. Ал қаржыландыру мәселесі оның атқарушы агенттігі Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылады. Жобаның қолданылу кезеңіндегі жобаны іске асыру бойынша Қазақстандық бөлімнің бюджеті 1 915 388 АҚШ долларын құрады, оның ішінде ГЭҚ бөлігі бойынша 1 649 388 АҚШ доллары және Үкімет үлесі 266 000 АҚШ доллар.
Жобаның негізгі мақсаттары Батыс Тянь-Шань өңіріндегі осал және бірегей биологиялық ортаға қолдау көрсету және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы Ұлттық саясатты, нормативтік базаны және институттық дамуды күшейту мен үйлестіруде үш елге көмек көрсету.

Негізінен алғанда жоба жұмыс істеп тұрған қорықтардың әлеуетін нығайтуға және жергілікті халықтың оларға жайсыз әсерін азайтуға жұмылдырылды. Сондай-ақ жобаны іске асыру барысында алынған оң тәжірибені ескере отырып және Батыс Тянь-Шанның экологиялық жүйелерін орнықты сақтауды одан әрі жалғастыру үшін Қырғыз жағы жобаның екінші кезеңін жүзеге асырудың дұрыстығы мен қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
2008 жылы Дүниежүзілік банк жобалық құжатты әзірлеуге 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде грант бөлген. Қазіргі кезде жобалық құжат дайын. Қырғыз жағы грантты тарту туралы келісу рәсімін өткізуде.
Осы айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне 2011 жылы байланыстырылмаған грантты тартуға өтінім жолдады.
Әсел Назаралы
Астана қаласы