Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мён Бак Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Жылын ашты
Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ - Оңтүстік Кореяда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде «Хоам арт-центрде» болды. Мұнда ол және Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мён Бак Кореядағы Қазақстан Жылының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметі сәрсенбі күні.
«Іс-шараларға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға халқын тамыры тереңге жайылған тарихы байланыстыратын, екі елдің ынтымақтастығы мен әріптестігінің жаңа кезеңінің бастауы болып табылатынын атап өтті», - делінген Ақ орданың ресми сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.
Мемлекет басшысы елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстандағы бірнеше мың корей қоғамдастығының сүбелі үлес қосып отырғанына тоқталды.
«Бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлты корей азаматтары 140-тан астам этноспен бір шаңырақтың астында өмір сүріп келеді. Олар қазақстандық бизнес, білім беру, медицина және мәдениет салаларында салмақты ұстанымға ие. Олардың өкілдері біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты - Қазақстан халқы Ассамблясы құрамында белсенді жұмыс істеуде. Корей диаспорасының өкілі Қазақстан Парламентіне депутат болып сайланды, - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ хабарда,Қазақстан диаспора өкілдеріне корей тілін үйренуде, өз тілінде газет шығаруға, ТМД кеңістігіндегі бірден-бір республикалық мемлекеттік корей сазды комедиялық театрының жұмыс істеуіне барынша көмек көрсетіп отырғаны айтылады.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді айналымға түскенін атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Байланыстарды нығайту үшін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс жүргізіп отыр.
Салтанатты іс-шара белгілі қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.
Бұрын хабарланғандай, елбасының Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары сәуірдің 21-23-тері аралығында жалғасады.