ҚОҚМ Juwenta DB Gmbh компаниясымен қазақстандық улы қалдықтарды Германияда кәдеге асыру туралы уағдаласты
Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) Juwenta DB Gmbh компаниясымен құрамында ПХД бар (ПХД - полихлордифенил) қазақстандық қалдықтарды Дортмундта (ГФР) кәдеге жарату туралы уағдаласты, делінген ҚОҚМ хабарламасында.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Juwenta DB Gmbh» компаниясымен құрамында ПХД бар қалдықтарды ел аумағынан шығару туралы келісім жасады, ол бойынша қалдықтарды жою 2010 жылдың 22 мамыры мен 30 маусымы аралығында компанияның Дортмунд қаласындағы «Envio» зауытында жүзеге асырылады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
«Қажет құжаттар келісіліп, Германия Федеративті Республикасының, Ресей Федерациясының, Польша Республикасының және Белоруссияның трансшекаралық тасымал үшін жауапты органдарына берілді. «Juwenta DB Gmbh» компаниясы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес трансшекаралық тасымал үшін сақтандыру салымдарын енгізді. Бұл жұмыс бюджет қаржысын тартпай жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.