Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ең бір жасампазы және тиімдісі болып отыр, деп есептейді ҰҚШҰ бас хатшысы
Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі рөлін жоғары бағалады.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы қазір ең бір қызықты да, жасампазы да, және тиімдісі де. Объективті емес баға беруге мүдделі емес адам ретінде менің айтқаныма сеніңіз», - деді Н. Бордюжа Алматыдағы арнайы брифингте жұма күні.
«Мен қазір қазақстанда үлкен ауыртпашылық бар екенін түсінем. ҰҚШҰ-дан басқа Нұрсұлтан Назарбаевта негізгі жұмысы бар. Ол - ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету. Осы тұрғыдан біздің елбасымыз нені арқалып шығуы тиіс екенін мен жақсы түсінем. Бірақ мен қатысып жүрген барлық шаралар өте жоғары еңгейде өтіп отырғанын атап өткім келеді», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан ҰҚШҰ-ның негізгі мүшелерінің бірі болып қала береді.
«Қазақстан көптеген себептермен ҰҚШҰ негізгі мүшелерінің бірі болады. Атап айтсақ: оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өте жоғары беделі, ҰҚШҰ-ның әр түрлі жобаларының құрамына бөлінген жасақтардың өте жоғары дайындығымен, ҰҚШҰ аясындағы әр түрлі шараларды өткізуге дайындығымен және Қауіпсіздік кеңесінің, СІМ мен қорғаныс министрлігінің аппаратының жоғарғы дайындығымен ерекшеленеді», - деді Ұйымның бас хатшысы.

Бұл ретте ол «қазақстандық тарап ұсынып отырған барлық ұсыныстар мен ескертулер өте сындарды және мәнді» деп атап өтті.
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы (ҰҚШҰ) - әскери-саяси одақ, ТМД мемлекеттерімен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт негізінде 1992 жылы 15-ші мамырда құрылған. Келісім автоматты түрде әр бес жылда ұзартылып тұрады.