Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3660 0 пікір 16 Мамыр, 2014 сағат 13:26

РОСКОМНАДЗОР: TWITTER-ДІ БЛОКТАУҒА СЕБЕП ЖОҚ

  

Роскомназдор (Ресейдің ақпараттық технологияларды және коммуникациялық қызметтерді қадағалау федеральды  қызметі)  Twitter және Facebook әлеуметтік желілерінің Ресей аумағында шектелуіне себеп жоқ дейді. Бұл туралы BBC жаңалықтары  ведомства басшысының орынбасары  Максим Ксензовтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады. Ол өз сөзінде «Біз ертең-ақ бірнеше минут ішінде Twitter немесе  Facebook-ті Ресей аумағында бұғаттай аламыз. Бірақ бұған тәуекел етуге себеп байқамадық» - деп атап көрсеткен.

Оның сөзі бойынша Роскомнадзор ондай қадамға баруы мүмкін.  Егер әлеуметтік желілердің әрекеттерінің соңы халықаралық талаптар алдында Ресей қоғамын конструктивті емес позицияға әкелетін болса міндетті түрде шара қолданылмақ.

1 тамыздан бастап Ресей аумағында блогерлерге қатысты заң күшіне енеді. Ол заң бойынша тәулігіне 3 мыңнан көп оқырманы бар блогерлер  Роскомнадзорға тіркелуі тиіс.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137