Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 4027 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 16:03

ҚР ҚЫТАЙ АЗАМАТТАРЫНА ЖАЛҒА ЖЕР БЕРДІ

Кеше, 13-мамыр ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің брифингінде  «Қазақстан  Қытай азаматтарына ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді жалға берді», - деп  мәлімдеді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Qamshy.kz сайтының жазуынша жер телімдері тек Қытай азаматтарына  ғана  емес, Ресей мен басқа  шетел азаматтарына да берілген. Сағынтаев мырза ҚР жер телімдері кодексіне  сай шетелдік азаматтар мен шетелдік компанияларға жалға  жер  беру  шектелмейтіндігін айтқан. Ол өз сөзінде: «Біз жекеменшікті сатып отырған  жоқпыз. Жер телімдері кодексінде нақты көрсетілгендей, он жылға ғана жалға жер беріледі. Мынадай мысалдар келтіруге болады: ШҚО және  Ақмола облыстарында дәл  ауыл шаруашылығына арнайы жер телімдері бөлінген болатын. Біз  ол  жерлердің кімге және  қанша жылға және  қанша гектар екенін білеміз», -  деп атап көрсеткен.  Кімге және қанша жер  берілгенін жұмбақ күйінде қалмағанымен, жер сатылмағаны, тек жалға берілгені анық болып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6204